ответ:Қазақ болмысын бүкіл жан дүниесімен қоса өнердің қай түрі қопара, қотара айшықтап бейнелей алады десек, ең алдымен күйді айтар едік.
Күй – құдірет, күй – кие!
Қазақ болмысын бүкіл жан дүниесімен қоса өнердің қай түрі қопара, қотара айшықтап бейнелей алады десек, ең алдымен күйді айтар едік.
Egemen Qazaqstan
Бастап бірінші айтушы біз емес, бұл өзі әлімсақтан бері айтылып келе жатқан, белгілі жай, елдің санасына әбден сіңген әңгіме. Әлімсақтан дейтін себебіміз, замана зарлығы. Мағжан ақынның толғамалы найзадай толғанысты жырларына жүгінсек, күй атасы, шерлі һәм шерменде Қорқыт та жан жұмбағын шешпек болып, шеше алмай қиналған кездерінде қолындағы қара қобызынан, содан шыққан, сай-сүйекті сырқыратқан салқар да шалқар сарыннан жұбаныш тапқан ғой.
Қазтуған жырау «Кетбұқадай билерден кеңес сұрар күн қайда?!» деп желпіне тебіренуі де тегін емес. Сол Кетбұқа абыз Дешті Қыпшақты жайлаған қалың қауым халқының атынан Шыңғыс қағандай қаһарлы хандарға келелі кеңесін қоңыр домбыраның сырлы күйімен айтқан, ұлы Жошының өлімін де айбатты әміршіге күймен естірткен. Сонда бабаларымыздың орнына жазаны домбыра тартқан. Тәңірім сөйтіп домбыраға әу бастан-ақ қазақтың тілі болуды, қазақтың үні болуды еншілеп сыйлаған екен. Ендеше, күй өнері қазаққа Тәңірдің тартқан ерекше пешенелі сыйы екендігі де еш шүбәсіз.
Олай болса, 2014 жылы ықылым замандардан бері жер-жаһан танып, бірегей құбылыс ретінде мойындалып келген қазақтың қасиетті киіз үйімен қоса халқымыздың қалтқысыз қастер тұтқан күй өнерінің де ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне еніп, бүкіл адамзаттың асыл қазыналарының қатарына қосылуы тиесілі сыбағамыз, заңды жазмышымыз, лайықты мерейіміз екеніне сөз бар ма! Осы киелі күйімізге ілесе бұл қатарды сонымен рухтас суырыпсалма айтыс, Наурыз мейрамы, қазақ күресі, құсбегілік пен саятшылық толықтырды, қаумалай қоршап күйді төбелеріне көтерді. Осындай жауһар қатарда, әсіресе күй қазақтың елдігінің көрінісіндей атойлап, халықтың өр рухын әйгілеп тұрған жоқ па! Бұл да бізге Тәуелсіздік тарту еткен зор жетістік екені ақиқат.
Күйдің тәңірлік сипаты жайындағы әңгімені тірілте түсейік. Түркі дүниесінің асылдарын түптеп түгендеуші атақты Махмұд Қашғари өзінің түпнұсқада «Диуани-лұғат-ат-түрк» деп аталатын түркі тектес сөздерінің жинағында «күй» сөзінің көне түркідегі «көк» сөзінен шыққандығын, тәңір мағынасындағы «көкпен» көгендес, тамырлас, түптес екендігін ізерлеп айтыпты. Бұл айқындаманы қазақтың тіл ғылымының көгентүбіндегі марғасқа Құдайберген Жұбанов пен қазақтың күй ілімінің ілкі бастауындағы ізашар академик Ахмет Жұбанов бар ықыласымен қолдап қуаттайды. Ал «Ақаң» деген әзиз атқа лайықты тағы бір абзалымыз, «Күй шежіре», «Қазақтың күй өнері» атты іргелі еңбектер тудырған Ақселеу Сейдімбек бұл айғақты болжамды одан әрі түбірлеп тексеріп, байыпты тұжырым жасайды. Күй деп басталатын қай сөзіңіз де сезіммен астасып жатады. Сол сөз көшпенділердің ең киелі сезімі – тәңірлік наным-сеніммен ұштасып жатады. Демек, «күй» деген сөз әу баста Тәңірлік құбылысты білдірген. Тәңірдің дыбысы деген мағынамен шендес болғаны аңғарылады» деп күйдің қасиет-киесін шығанға шығара, шынайы болмыс-бітімін айғақтай көрсетіп асқақтатады.
Әйгілі әншіміз Роза Рымбаева шырқайтын «Домбыра» әнінде «Күй ойнайды қазағымның қанында, күй ойнайды қазағымның жанында» деп келетін шырайлы жыр жолдары бар емес пе еді. Дәл айтылған. Осы рухты әнді тыңдамаған қазақ кемде-кем болар десек, тыңдаған жамағаттың баршасы осынау сөздердің шындығына ден қойғаны күмәнсіз. Қалай десек те, қазақтың жаны – күйінде. Жанының барлық қатпарлары, қуанышы мен қайғысы, күйініші мен сүйініші, мұң-шері мен шаттығы баяулап, толқындап, тасқындап тек домбыра шанағынан төгіледі. Қазақтың мінезі, ерлігі мен өрлігі, сабыр-сабаты да қазақтың өзінің күйлерінде жатыр. Халқымыздың әдет-ғұрпы, дарқандығы мен даналығы, ерке назды сұлулары кейіптелген күйлер ше? Қазақтың ұлан-байтақ даласы, сол даланың табиғаты, Алатауы мен Қаратауы, Сарыарқасы мен Сары өзені, Саржайлауы – бәрі-бәрі қазағымның күйлерінде көрініс тапқан.
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр ақынның терең ақыл-парасатының меңзеп отырғаны да осы емес пе. Тарау-тарау, тармақ-тармақ, желі-желі болып уақытпен бірге үдере көшкен қазақтың мың сан күйлерінде, сайып келгенде, ата қазақтың өзі, оның ата тарихы, елдігі мен береке-бірлігі, ұлттық мерейі мен мәртебелі мемлекеттігі бейнеленген. Өз алдына дербес ел болып, кеудесі биік, еркін отырмаған халықта мұндай кең салалы, ұлағаты зор, асқақ рухты, мұхиттай айдынды, өрелі өнер тумас еді. Байқасаңыз, біздің күйлеріміздің өне бойында тұтаса жүлгеленген қазақтың соқталы тарихы өріліп шығады.
Объяснение:
Deutschland ist eine Bundesrepublik und besteht aus 16 Bundesländern. Das kleinste Bundesland ist Bremen. Das größte Bundesland ist Bayern. Deutschland grenzt an Dänemark im Norden,an Polen und Tschechien im Osten, an Österreich und die Schweiz im Süden, an Frankreich,an Luxemburg, an Belgien und den Niederlanden im Westen.
Die Hauptstadt Deutschlands ist Berlin. Seit 2005 ist Angela Merkel die Bundeskanzlerin Deutschlands.
Deutschland ist ein Gründungsmitglied und das Mitglied der Europäischen Union, das Mitglied von NATO.
Die Landschaft Deutschlands ist auch von Wäldern geprägt. Sie nehmen fast ein Drittel des Landes ein. Gut bekannt sind der Schwarzwald und der Thüringer Wald.
Klimatisch liegt Deutschland in einer Zone, in der es keine extremen Temperaturen gibt. Im Sommer ist es nicht sehr warm, im Winter nicht sehr kalt. Das Klima ist gemäßigt mit Niederschlägen zu jeder Jahreszeit. Das Wetter ist oft wechselhaft.
Deutschland ist ein Bundesstaat, der aus 16 Bundesländern besteht. Jedes Bundesland hat sein Parlament, seine Regierung und Ministerien.
Die Hauptstadt Deutschlands ist Berlin. Es ist die größte Stadt des Landes. Die weiteren Großstädte sind Hamburg und München.
перевод:
Германия это федеральная республика и состоит из 16 федеральных земель. Самая маленькая федеральная земля Бремен. Самая большая федеральная земля Бавария. Германия граничит с Данией на севере, Польшей и Чехией на востоке, Австрией и Швейцарией на юге, Францией, Люксембургом, Бельгией и Нидерландами на западе.
Столица Германии Берлин. С 2005 года Ангела Меркель федеральный канцлер Германии.
Германия является одной из стран-основателей и членом Европейского союза, членом НАТО
Ландшафт Германии характеризуется также лесами. Они занимают почти одну треть страны. Шварцвальд и Тюрингский лес хорошо всем известны.
Если говорить о климате, то Германия лежит в зоне, в которой нет низких температур. Летом не очень тепло, зимой не очень холодно. Климат умеренный с осадками в каждое время года. Погода часто изменчива.
Германия — это федерация, которая состоит из 16 федеральных земель. У каждой федеральной земли есть парламент, его правительство и министерства.
Столица Германии — Берлин. Это самый большой город страны. Следующие за ним крупные города — Гамбург и Мюнхен.
Объяснение: