Алып Ер Тоңға” - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға “Алып ер тоңға” дастанының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен.
Дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, "Алып" - сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.
Жерді бекерден бекер Жер-Ана деп атамайтыны сөзсіз. Бүгінде жер анаға 4,5миллиард жыл болған. Табиғаттын бірден бір басты байлығы-Жер. Біз адамдар, жануарлар, жанды табиғаттар осы жер шарында өмір сүріп, көбейіп келеміз. Егер Жер болмаса бұндай тіршілікте болмас еді.
Жер біздің анамыз секілді. Бізді өсіреді,аялайды, қорегіміздіде осы жерден табамыз. Анамызды қалай сыйласақ, жердіде дәл солай сыйлап, қадірлеу керекпіз. Ол үшін қоқыстарды жинап яғни әр жерге лақтырмауымыз керек. Тал отырғызып, көгалдандырып, әр апта сайын табиғатты тазартып тұруымыз тиіс. Жер Ана әр халықтың, әр адамның кіндік тамған жері. сол себептіді де туған жеріміздің қадірін түсініп, қолда барда қадірін түсінуіміз керек.
Бұл тіршілікке адам болып жүруіміздің де себепшісі Жер Ана. Жерімізді қадір тұтайық!!