Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.
Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жень), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.
Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-дзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн және Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-дзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырып отырған. Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-дзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.
Сюнь-цзы Конфуций іліміне материалистік нышан енгізген. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь және ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк тәңірі - әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр.
Ми сыңырлары- ми қабығы (екі бөліктен оң жақ және сол жақ сыңар деп аталатын) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидің жалпы салмағының 80 пайызына тең. Оның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталады. Ол қалыңдығы 3-4 мм-лік бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл қабаттардың клеткалары типі мен қызметіне қарай бір-бірінен өзгеше болып келеді. Осы клеткалардан тарайтын жүйке талшықтардың оларды сезім мүшелерімен, бүкіл денемен, сондағы барлық клекалармен байланыстырады. Ми қабындағы осындай жүйке клеткаларының саны 16 миллиардқа жуық деп есептелінеді. Ми қабығы төртке бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке және самай деп аталынады. Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді көптеген анализаторлардың (талғыштардың) ядросынан тұрады. Мұнда көру, есту, иіс, дәм, тері, қозғалыс тағы басқа жүйке орталықтары бар. Мәселен, мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде қазғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың жалпы саны – 200-ге жуық. Бұлардың ми қабындағы орны бір жерге шектелмеген, нақты ми орталықтары мидың басқа бөліктеріне де таралып кетіп жатады. Ми сыңарларының (оң,сол) бірлесіп жұмыс атқарулармен қатар өз алдына дербес қызметтері бар екендігі анықталған. Мәселен, сол сыңары – логикалық ойлау мен санаудың, ал оң жарты шар кеңістікті бағдарлау мен нақты бейнелеудің (ән, музыка тағы басқа), эмоциялық әсерлердің дағды, әдет, бейсана құбылыстардың жұмысын айқын реттестіріп отыратындағы дәлелденген.
б)Ba(OH)2+2HNO3=Ba(NO3)2+2H2O