Айналым (Циркуляция) — ағындардың тұйық контурдағы қозғалысы.
Атмосфералық айналым — атмосферадағы ауа массаларының қозғалысы.
Күштеулік айналым — сорғыштар, сығымдағыштар немесе араластырғыштар арқылы жүргізілетін айналым.
Табиғи айналым — жылулық тарту.[1]
Циркуляция түрлері Өңдеу
Табиғи циркуляциясы - беткейлердің тартылуы сұйықта немесе газда болатын немесе тығыздықтың бір қалыпсыз таралуынан болатын, газдың немесе сұйықтың айналып жүруі, көбінесе бір қалыпсыз қыздырудан пайда болады.
Қуаттың циркуляциясы - тұйық күш айналымы бар болғанда туындайтын құбылыс, қосарланған тармақтың біреуінде жетектің буыннан жетекші буынға айналма қуат беріледі, ал екінші тармақ бойымен жетекші буынға жетектегі буынға айналма қуатпен берілетін қуаттың қосындысының таралуы.
Мәжбүрленген циркуляция - сораптың компрессордың және бұлғауыштың көмегімен орындалатын сұйық пен газдың жылжып айналып қозғалуы.
Жылдамдықтың циркуляциясы - газдың немесе сұйық ағынның ұйытқуының кинематикалық елшемі.
Бірқалыпты циркуляция - бұрылыс кезінде жүзетін көлік құралының ауырлық центрін суреттейтін шеңбер.[2]
Антропогендік жүктеме — адамдардың және олардың шаруашылығының тұтас табиғатқа немесе оның жеке экологиялық құрамдас бөліктері мен элементтеріне (ландшафтқа, табиғи ресурстарға, тіршілік иелері түріне) тікелей және жанама ықпал әсерінің дәрежесі. Антропогендік жүктемеге экожүйеге кіретін (аңшылық, балық аулау, дәрілік өсімдіктерді жинау, ағаштарды кесу) түр популяциясының ресурстарын пайдалану, мал жаю, рекреациялық әсер ету, ластану (суқоймаға өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауылшаруашылық ағындыларының төгілуі, атмосферадан салынды қатты заттектердің немесе қышқыл жаңбырлардың, т.б. түсуі), т.б. жатады. Егер антропогендік жүктеме жылдан - жылға өзгеріп отырса, онда экожүйе флюктуациясына, ал экожүйеге тұрақты әсер етсе, экологиялық сукцессияға себеп болады. Табиғатты ұтымды пайдалануда антропогендік жүктеме экологиялық нормалау көмегімен экожүйеге қауіпсіз деңгейге дейін реттеліп отырады.
А) в их честь названы моря