Жобалаудың барысын басқаруды жақсарту мақсатында әрбір кезең нақтыланады, яғни кезеңдерге бөлінеді.
Автоматтандырылған жүйені құрудың 4 кезеңі-Жұмыс сипаты, оның нәтижесі немесе орындаушылардың мамандануы бойынша анықталатын АЖ құру сатысының бір бөлігі.
АЖ құру кезеңдерінің мазмұны ГОСТ 34.601-90 1-қосымшасында регламенттелген.
"АС-қа қойылатын талаптарды қалыптастыру" 1-ші сатысында "объектіні тексеру және АС құру қажеттілігінің негіздемесі" 1-ші кезеңінде объект және оның қызметінің түрлері туралы деректер жинауды жүргізеді. Объектінің және оның құрамдас бөліктерінің жұмыс істеу сапасын бағалайды. Автоматтандыру құралдарының көмегімен шешуге болатын мәселелер мен міндеттерді анықтайды. Жүйені құрудың орындылығын бағалаудың техникалық-экономикалық, әлеуметтік және басқа да түрлерін береді.
"АС-қа пайдаланушылардың талаптарын қалыптастыру" 2-ші кезеңінде АС-қа қойылатын талаптарды қалыптастыру үшін бастапқы деректерді дайындайды, пайдаланушылардың талаптарын қалыптастырады және ресімдейді. Автоматтандыру объектісінің сипаттамасы, жүйені әзірлеуге, іске қосуға және пайдалануға рұқсат етілген шығындар, күтілетін нәтиже, жүйені құру және жұмыс істеу шарттары сияқты құжаттарды дайындайды .
3-ші кезеңде" орындалған жұмыс туралы есепті және жүйені (тактикалық-техникалық тапсырма — ТТТ) әзірлеуге өтінімді жасау " 1-ші кезеңде орындалған жұмыстар туралы есепті және ТТТ әзірлеуге өтінімді немесе мазмұны бойынша ұқсас басқа құжатты ресімдейді.
"АС тұжырымдамасын әзірлеу" 2-ші сатысында "объектіні зерделеу" 1-ші кезеңінде автоматтандыру объектісін егжей-тегжейлі зерделейді.
"Қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу" (ҒЗЖ) 2-кезеңінде пайдаланушылардың барлық талаптарын іске асыру мүмкіндігін бағалау және жолдарды іздестіруді орындайды, ҒЗЖ бойынша есептерді ресімдейді және бекітеді.
"АС тұжырымдамасының нұсқаларын әзірлеу және пайдаланушының талаптарын қанағаттандыратын АС тұжырымдамасының нұсқасын таңдау "3-кезеңінде АС тұжырымдамасының, оларды іске асыру жоспарлары мен ресурстарының баламалы нұсқаларын әзірлеуді, артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалауды жүргізеді және бірнеше әзірленген оңтайлы нұсқадан таңдайды. Жүйені қабылдау тәртібі мен шарттарын, оның тиімділігін айқындайды.
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.). Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін: — кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді; - экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады; - компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды; — көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с. Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.
Объяснение:дурыс