Римская и Греческая культура
Обе культуры – это полисные культуры, они формировались на базе античной гражданской общины .
Общие черты общества и культуры : Греческая : Агонистичность (состязательность) ; коллективизм; антропоцентризм (гуманизм) – выдвижение человека на первый план; завершенность всех жанров культуры; открытость культуры для других стран и культур . Римская : Патриотизм; чувство долга; более слабое, чем в Греции, развитие культуры речи и ораторского искусства.
Религия : Идея всемогущества божества; отсутствие единой религии; связь богов с конкретными полисами; тотемизм, представление о всеобщей одушевлённости природы; герои как посредники между миром богов и миром людей. Рим : Обожествление непонятных явлений природы и общественной жизни; анимизм (вера в духов, обитающих во всех материальных предметах) ; позднее появление антро взгляда на богов; родовые и семейные культы, сильное влияние греческой религии; сходство богов с греческими; свободный прием в пантеон иноземных богов; важное значение жертвоприношений; практичность религии. Искусство : Развитие искусства в рамках рабовладельческого общества («античное искусство») ( общее) Греч : Видение реальности в её единстве, сквозь призму мифов; главная тема искусства – человеческий облик. Рим: Продолжение традиций греческого искусства, преобладание символики и аллегории, анализ явлений, расчленение целого на части и их детальное изображение, более четкое, чем у греков, восприятие и описание явлений, утрата ощущения ценности мироздания.
Письменность и язык : Использование финикийской слоговой системы для создания письма, демократизация системы обучения. Рим : Использование латинского языка, родственного греческому. Согласно предположениям, заимствование греческого алфавита и его адаптация. . Наука: Выделение отдельных наук из философии. Бурное развитие естественных наук. ГРЕЧ : Большее, нежели и Риме, внимание к теоретическим наукам. Рим : Практицизм, большее развитие прикладных, а не теоретических наук; развитие ораторского искусства и его независимость от греческих прообразов; большое развитие науки о праве, юриспунденции; зарождение филологии.
Көрші халықтармен қарым-қатынастары — үйсіндер ерте замандағы Орталық Азиядағы этникалық-саяси бірлестіктердің бірі деп саналды. Үйсін мәдениетінің ескерткіштері ұлан-байтақ Жетісу, Ферғана (ішінара) аумағы- на және тегінде, Шығыс Түркістанның солтүстік бөлігіне де таралған. Б. з.б. ЫЫ ғасырда халқының саны 630 мың адам болған үйсіндер атты әскерлер мен жаяу садақшылардан тұратын көп әскер шығара алған. Гуньмо мен тақтың екі мұрагерінің жасағы әрқайсысында 10 мыңнан 30 мың атты әскерден тұратын. Б. з. б. 73 жылдың өзінде-ақ үйсіндердің жері үш бөлікке: сол жақ (шығыс), он жақ (батыс) және гуньмоның өзіне қарасты орталық бөліктерге бөлінді, бірақ олардың бәрі «Гуньмога жоғаргы дәрежеде тәуелді» болды. Оның ордасы Чананнан 8900 ли немесе Вынсудың (Ақсу) солтүстігінде 610 болатын, Іле өзенінің оңтүстік жағалауы арасында орналасқан Чигу қаласында болды.
Б. з. б. 64—51 жылдар аралығында Хань империясының таққа мұрагерлікке араласуына халықтың наразылығы күшейді. Халық бұқарасы гуньмоның гүн тегінен тараған мұрагерлеріне көрінеу іш тартты, сондықтан үйсін- дердің халқы мен аумағы екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмога бөлінді де, олардың қарамағындагы жерлердің шекарасына межелер қойылды.
Үйсіндердің тарихы кіші гуньмолардың үстемдік үшін ұлы гуньмоларға қарсы, ғұндарды қолдайтын және ханьдарды жақтайтын саясат жағындағылар арасындағы өзара қырқысқан күрестерге толы. Мәселен, 60-жылдардың аяқ кездерінде қайтыс болған Унгуйми гуньмонын ғұн ханымынан туған ұлы Уцзюту патшалық құрып тұрған гуньмо Нимиді (Куан-ван) өлтіріп, билікті тартып алды да, халықтың қолдауымен өзін гуньмо деп жариялады. Б. з. б. 14 жылы ұлы гуньмо Цылими кіші гуньмо Мочжэнньцзянның тапсыруымен өлтірілді. Деректемелерде Цылимиді ол «бағындырып алады деп қауіптенген» Мочжэнньцзян өлтірді деп тура көрсетіледі. Цылимидің билік жүргізген уақыты — б. з. б. 45—14 жылдардың арасы — үйсін мемлекетінің дәуірлеген кезі болса керек, өйткені ол «билікті берік ұстады» және иеліктерінде «алаңсыз тыныштық пен бейбітшілік... орнады».
Бірқатар иеліктер немесе тайпалар үйсіндердің бөлігінде немесе ықпалында болған деп жорамалдауға негіз бар. Мысалы, «Цяньханьшуда» — үйсіндер «өзіне басқа да көптеген иеліктерді бағындырды», «Давань-чжу- аньда» — «көршілес шағын иеліктерге шабуыл жасады» деп көрсетіледі, ал Янь Ши-гу: «бағындырган бойда вассалдарға айналдырады» деп нақтылай түседі. Хюсюньдер, гюаньдулар (цзюаньдулар), юйтулар немесе уштар сондай тайпалар мен иеліктер болса керек. Әдет- ғұрпы мен киім-кешектеріне қарағанда олардың бәрі үйсіндерге жақын тайпалар. Б. з. б. Ы ғасырда Согюй немесе Яркян иелігінде жергілікті аксақалдар мен билеушінің өтініші бойынша, «үйсіндіктердің ізгілікті мейіріміне бөлену» үшін гуньмо Ван-Гуймидің ұлы Ваньнянь билеуші болды. Үйсіндер неке одақтарын жасасу арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты. Мәселен, б. з. б. 69 жылы нақ сол Ван-Гуй ми өзінің қызы Дишиді Кучи билеушісі Гянбиньге берген. Үйсіндермен одақ жасасуға мүдделі болған Хань империясы мен Ғүндар хань және ғұн ханшаларын үйсін гуньмоларына күйеуге беріп отырған. Көршілес жатқан аумақтардың кейбір иелері жау шапқан кезде үйсіндерден қорғаныш іздеген. Мәселен, солтүстіктегі чештердің билеушісі Угу ғұндардан бас сауғалап, б. з. б. 68 жылдан 62 жылға дейін үйсіндерде тұрған.
Хань дәуірінің әлеуметтік хроникаларында үйсіндердің саяси тарихынан фактілер келтіру шамамен алғанда б. з. б. ЫЫЫ ғасырға дейін жеткізілген. Ортаңғы империяның соңғы кезендерінің кейбір жазбаша деректемелерінде де үздік-создық мәліметтер келтірілген. «Бэйшуда» (Юань- вэй әулетінің тарихы) б. з. б. 437 жылы хань сарайына үйсіндердің елшілер жібергені туралы хабар ба. Археологиялық материал, әсіресе Шығыс Жетісу аумағынан (Ақтас-2 қонысы, Ақтасты-1,4—6, Сарытау қорымдары) табылған археологиялық материал үйсіндер түріктерге дейінгі заманда әлі де кен-байтақ жерде өмір сүре бергенін дәлелдейді. Ол былай тұрсын, нақ сол деректер бойынша (Ақшокы-3, Өтеген-л қорымдары) ертедегі үйсіндер мәдениеті бұрынғы мекендеген жерлерінде, олар түрік кағанаттарының бақылауында болғанымен, одан әрі дами берген. Тіпті біздің заманымыздағы Х ғасырдың өзінде деректемелер беттерінде үйсін атауы қайтадан пайда болады. Мәселен, император Тайцзунның хроникасында 938 жылғы тугухунь, үйсін және мохэ тайпалары туралы жазба бар. Ляо империясы заманында «үйсіндердің тоғыз бірлестігі» болғаны «Винвэйчжиден» мәлім.
Ежелгі үйсіндердің қазақ және қырғыз халықтарының құрамына кірген үйсіндермен және үйшүндермен генетикалық жағынан сабақтастық байланысы болды деп айтуға толық негіз бар.[1]
В состав участников освободительного движения Нидерландов входили разные слои населения: крестьяне, горожане, буржуазия, интеллигенция и тд. Главной их целью было ликвидировать испанское господство и добиться независимости своей родины.