Заграничные походы русской армии происходили с 1813 по 1814 годы. В числе солдат были не только русские, но также прусские, шведские и австрийские войска.
Причина необходимости осуществления заграничных походов – желание освободить страны Западной Европы от французских завоевателей.
Конкретная цель России заключалась в быстром изгнании французских войск с территорий, захваченных стран, а также добиться лишения Наполеона возможности использовать их ресурсы, а также обеспечение мира и спокойствия в Европе.
Заграничные походы имели интенсивный характер, особенно в самом начале. Преимущественно, это было связано с широтой пространства – от Балтийского моря до Бреста.
Завершение – полное поражение Наполеона и его войск. Кроме того, образовалась антифранцузская коалиция, в то время как Нидерланды и Пруссиябыли освобождены от зависимости.
В декабре 1813 ‑ начале января 1814 годов все три союзные армии форсировали Рейн и начали наступление в глубь Франции.
В 1814 ратифицирован Шомонский трактат между Россией, Англией, Австрией и Пруссией – никто не должен вступать в отдельные переговоры с Францией. Следствие этого трактата – Священный союз.
В марте того же года все закончилось подписанием Парижского договора. Франция лилась завоеваний, Варшавское герцогство разделено между Россией, Австрией и Пруссией. А также была формально закреплена раздробленность Италии и Пруссии.
Для России заграничный поход также стал причиной возникновения тайны обществ и декабристского движения.
Ассирия" — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077) бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің шапқыншылығына ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді. Тек біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 9 ғасырларда ғана мемлекеттің жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті.
Вавилон "Тәңірі қақпасы" деген мағынада,– Қос өзен бойындағы ежелгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді: 1) ерте Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538). Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак жері) біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (біздің заманымыздан бұрынғы 24 – 22 ғасырлар) Аккад мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан (біздің заманымыздан бұрынғы 22 – 21 ғасырлар) патшалардың қол астына қарады. Парсылар,[1][2] (өз атауы – фарсы, ирани) – ұлт, Иранның негізгі халқы. АҚШ, Ирак, Австрия, Франция, Ұлыбритания, ТМД елдері, т.б. мемлекеттерде де тұрады. Жалпы саны 33 млн. адам (2002). Антропология жағынан үлкен еуропоидтық нәсілдің үнді-жерортатеңіздік тобына жатады. Парсы тілінде сөйлейді. Ислам дінінің шиит тармағын ұстанады. Ежелгі иран тайпалары Орталық Азиядан б.з.б. 2-мыңжылдық соңында оңтүстік-батыс өңірлерге қоныстанған. Олар Мидия мемлекетінде, Ахемен әулеті құрған мемлекетте негізгі рөл атқарды. 7 ғасырдағы араб шапқыншылығынан кейін парсылар арасында ислам діні тарала бастады. Парсылардың этникалық тарихында арабтардан соң түріктер (11 – 12 ғасырлар, салжұқтар), түркі-моңғолдар (13 –14 ғасырлар, Хұлағу әулеті) өз іздерін қалдырды. 16 ғасырдың бас кезінде парсылар ирандық Сефеви әулетіне бағынса, 19 ғасырдың орта тұсында оларға қаджарлар өз үстемдігін орнатты.