Объяснение:
1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.ответ:ежелгі дүниемен жаңа тарих аралығындағы кезең
Орта ғасырлар, орта ғасыр (лат. medіum acvum) – адамзат тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих аралығындағы кезеңі.
Орта ғас
ыр деген ұғымды XV – XVI ғасырларда Қайта өркендеу дәуірінің итальян тарихшы-гуманистері (Ф.Бьондо, т. б.) енгізіп, ғылымда XVIII ғасырда бекіді. Орта ғасыр – Батыс Еуропада феодалдықтың өмірге келіп, үстемдік құруы және ыдырай бастау дәуірі. КСРО кезіндегі тарих ғылымында Орта ғасырға құл иеленуші Рим империясының күйреуі (шартты түрде 476 жылы) мен XVII ғасырдағы ағылшын революциясына дейінгі кезең жатқызылды. Бұл Еуропада он екі ғасырға тең уақыт, ал Шығыс елдері кейіндеу дамығандықтан, бұл заңдылық сақталмайды. Орта ғасыр ұғымы тарих ғылымында Еуропа тарихи деректемелеріне сай пайда болып, жете зерттелген. Дегенмен, бұл ұғым дүние жүзінің басқа аймақтарында да қолданылады. Соңғы кезде тарих ғылымында Орта ғасырдың басталуы арабтардың Еуропаға шабуылы басталған кез (VIII ғасырдың басы), ал аяқталуы – Константинопольдің құлауы (1453 ж.), Американың ашылуы (1492 ж.), Германияда реформация мен шаруалар соғысы (1525 ж.) деген әр түрлі көзқарастар орын алып отыр. Орта ғасыр тарихын зерттейтін ғылым медиевистика деп аталады.