Индийским мыслителям принадлежит пальма первенства открытий во многих областях знаний. Изобретение нуля, измерение числа π, формулировка теоремы Пифагора, теория вращения Земли вокруг Солнца, закон гравитации, знание медицины и хирургии явственно свидетельствуют о богатстве научного наследия Индии. Из сахарного тростника получали сладкий порошок - сахар. Это был самый древний сахар в мире.
В Древней Индии были изобретены цифры, которыми мы сейчас пользуемся и называем арабскими. Однако сами арабы заимствовали их у индийцев.
Искусству мудро править людьми должна была учить игра, придуманная древними индийцами и предназначенная для царей и военачальников. Эта игра называлась "чатуранга", а по-русски - "шахматы".
Объяснение:
Ғұндардың патшасы туралы естелік түрік мифологиясында, ауызша герман эпосында ғасырлар бойы сақталып келген және скандинавия аңыз-дастандарына ауысқан. Ғұндардың королі Аттила туралы халықтардың түсінігі, ең бастысы аңыздар мен хикаяларға негізделеді және Аттиланың тарихи тұлғасымен ортақтығы аз. Тарихи Аттила бізге онша белгілі емес, дегенмен қазіргі кезге сол дәуірдің басқа тарихи персонаждарының көпшілігінен гөрі, ол туралы замандастарының айғақтары көп жетті. Аттила туралы миф құрастыру ежелгі кезде-ақ басталған, орта ғасырларда табыспен жалғасын тапты, бүгінгі күнде де аяқталған жоқ; жаңа заманғы миф шығармашылығы, ғылымилығына таласатындардың азды-көпті негізділігімен гипотезалар түрінде орын алады. Аттиланың болашақ император ретінде қалыптасуы туралы көптеген ғылыми және көркем әдебиет авторларының шығармаларында толық айтылады.
Аттила империясы Орал таулары мен Каспий теңізінен бастап Дунайға дейін созылып жатты. Оның оңтүстігінде табиғи шекаралары Кавказ, Азов теңізі, Қара теңіз және Карпат болды. Шекарасы Карпатты жиектеді және шамамен оңтүстік еңіс ортасынан бастап Дунайға қарай құлдырайды, ол өз кезегінде, «табиғи шекара» болды.
Аттила есімі түрік тілдерінен шығады (atta/ata — әке, el/il – кеңістік, ел, халық), оның үстіне осы этимология басқа халықтардан алынған және түсінілген болды. Бұдан ғұн есімдерінің түрлі «ұлттық» нұсқалары шығады. Нұсқалардың бірі бойынша Аттила есімі түрік (хазар) атауы Волга-Еділмен байланысты. Аттиланың билігін оның империясының гүлденуімен байланыстырады, оны әділ және құдіретті деп атайды. Аттиланың жеңістері – әскери және қолбасшылық өнер шыңы.
Аттила өлімімен қатар ғұндардың әлемдік мемлекетінің күші сарқылды, өзі негізін қалаған мемлекеті, қалай құрылса, солай тез арада құлдырады, өлеңдер мен аңыздарда осы құдіретті бағындырушы туралы естелік әлі ұзақ сақталады. Аттила – тарихи тұлға, соның арқасында бүкіл әлем ғұндар туралы білді. Еуропада ол көрнекті қолбасшы ретінде белгілі болды. Бұл туралы Аттила бейнеленген алтын және күміс медальдар куәландырады, олар еуропалық мемлекеттерде алты ғасыр бойы соғылды. Қазақстан қоғамында Еділ (Аттила) билеушісінің есімі осылай тарихи қала береді. 2009 жылы Қазақстанның Ұлттық Банкі «Ұлы қолбасшылар» сериясында «Аттила» естелік күміс монетасын шығарды.
«Скифия даласын мекендейтін тайпалардың әлемдегі жалғыз басшысы, бүкіл ғұндар көсемі. Варварлар арасында таңғажайып даңқымен танымал. Оның жүрген жүрісі маңызды, көзқарасы мен қимыл-қозғалысы аса тектілікті көрсетеді». Иордан, «Гетика»
Аттила (лат. Attila, греч. ττήλας, нем. Etzel – Эцел), түріктің әдебиет көздерінде «Еділ» есімімен белгілі, 434 бастап 453 жылдарға дейін өз билігі астына Рейннен бастап Солтүстік Қара теңіз маңына дейін тайпаларды біріктірген ғұндардың көсемі болған [2].
Ғұндар көсемі туралы естелік түрік мифологиясында, ауызша герман эпосында ғасырлар бойы сақталған және скандинавия сагаларына ауысты. Халықтардың ұлы қоныстануы дәуірінде құрастырылған Германдықтардың ежелгі аңыздарында Аттила ұлы варвар билеушілерінің тізімінде даңқты герман корольдерінің алдында бірінші орында қойылған. Ғұндардың королі Аттила туралы еуропалық халықтардың түсінігі, ең бастысы, аңыздар мен хикаяларға негізделеді және Аттиланың тарихи тұлғасымен ортақтығы аз.
Тарихи Аттила бізге онша белгілі емес, дегенмен қазіргі кезге сол дәуірдің басқа тарихи персонаждарының көпшілігінен гөрі, ол туралы замандастарының айғақтары көп жетті. Аттила туралы миф құрастыру ежелгі кезде-ақ басталған, орта ғасырларда табыспен жалғасып тапты, бүгінгі күнде де аяқталған жоқ; жаңа заманғы миф шығармашылығы, ғылымилығына таласатындардың азды-көпті негізділігімен гипотезалар түрінде орын алады. Аттиланың болашақ император ретінде қалыптасуы туралы көптеген ғылыми және көркем әдебиет авторларының шығармаларында толық айтылады [3, 4-б.].
Аттиланың шығу тегі және сипаттамасы, Билікке келуі. Аттиланың туған жылы мен туған жері белгісіз болып қалды. 448 жылы Аттилаға, сәл ақ шалған сақалды адам ретінде сипаттама берген көз көрген Приск Панийский куәлігі негізінде оның жасын да тым жуықтап бағалауға болады. Осы және басқа мәліметтер Аттиланың V ғасырдың бірінші он жылдығында туғанын болжайды (400, 404 немесе 406 жж. нұсқалары аталады). Аттиланың өмір тарихына «Аттила – Бич Божий» кітабын арнаған француз тарихшысы Морис Бувье-Ажан 395 жылды Аттиланың туған жылы деп атайды.