Қазақстан – биіктігі мыңдаған метрге жететін шыңдары және мұздықтарынан, ұшы қиыры жоқ даласы мен адамды таңғалдыратын каньондарына дейін адам сенгісіз табиғи сұлулық ұсынатын ел. Осындай адамды сиқырлап алатын табиғаттың да өзіндік қатаң шарттары болады. Қыс маусымы күнделікті тұрмыста қиындық әкелсе де, Қазақстан даласы мен каньондары қақаған қыста да адамдарды тамсандыруын жалғастырады.
Қазақ елінің ұшы қиыры көрінбейтін жері көпшілік шетелдік ойлайтындай теп-тегіс далалық емес, керісінше өзгеріп отыратын түрлі әсемдіктерге толы. Қазақстанда Еуропадағы секілді Альп тауларын, Африкадағы секілді сусылдаған құм төбелерін, Америкадағы секілді каньон-шатқалдар немесе адам аяғы бастаған мидай дала кездестіру – қалыпты жағдай.
Жазғы мезгілде адамды өзіне қайран қылатын дала мен шатқалдар қысқы уақытта да сүйсіндіреді. Осындай адам тойғысыз көріністер елдің шетелдерге таныстырылуына да үлкен үлес қосады. Сонымен бірге туризм секторының дамуына да пайдасы мол.
ВОТ СКОЛЬКО СМОГЛА.НАВЕРНОЕ
Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi: – Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейдi: – Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.