Объяснение:
Абайдың он төртінші қара сөзі
ОН ТӨРТІНШІ СӨЗ
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе а өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.
Қазақ та а ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін - бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?
Алдымен Қазақстан павильонына ат шалдырсақ. Көрменің алғашқы күнінде ашылған павильонымыз күн, жел, су, биомасса, ғарыш, тіпті қозғалыс энергиясының озық үлгілерін көрсетті. Шар-сферада орналасқан аймағымызды аралап шығуға үш жарым сағаттай уақыт жұмсалатын көрінеді. Елбасы шет мемлекеттердің басшыларын қарсы алған сегіз қабатты ғимараттың іші де, сырты да көз сүйсінтеді. Ал экспозицияларынан өркендеген болашақтың келбетін танисыз. Футуристік лифттер, шыныдан жасалған құрылғылар, лазерлік шоулар мен проекциялық көріністер – барлығы да а энергия көздерін іздеп, табиғи байлықты барынша сақтауға деген құлшынысын аңғартады. Осы саладағы технологиялар әлемнің қаншалықты жылдам дамып келе жатқандығын түсіндіреді.
Қазақстан павильонының бірінші қабатына екі шатыр тігілген. Туристерге арналған сиқырлы тақта қойылған бірінші шатырдан ұлтымыздың салт-дәстүрлерімен танысуға болады. Ондағы ұлттық құндылықтардың атауларының біріне саусағыңызды тигізсеңіз болды, суретті тақта сөйлей жөнеледі. Одан әрі өткенде еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін, батысы мен шығысын «шарлап шығасыз». Проекциядан күмбезге түсірілген көріністер арқылы Ұлы Даланың кеңдігін сезінуге болады. Павильонда жер мен көкті байланыстыратын Бәйтерек пен Самұрық құстың алтын жұмыртқасының декорациясы орнатылған. Сондай-ақ, Есік қорғанынан табылған Алтын адамның көшірмесі тұр. Ал екінші шатыр арқылы елорданы «аралайсыз». Бірінші қабатта, сонымен қатар, қазақстандық өнертапқыштар ойлап тапқан жаңалықтар көпшілік назарына ұсынылған.