2-мәтін
биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын алатау – табиғаты әсем қазақ
жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады. оның қазақ үшін орны бөлек. алатауды ән-
күйге қоспаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірә
жер жәннаты жетісуға көрік беріп тұрған алатаудың қойнауы құтты – ауасы
таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп.
шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде
— орман, аңғарында – шалғын. қойнауы құпияға толы алатау қазақ үшін биіктіктің,
асқақтықтың символына айналған. флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың алатау
аталатын ғажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін
де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие.
салыстыру аспектілері
1-мәтін
2-мәтін
жанры
т
.
2. мәтіндерге ат қойыңыз.
1-мәтін
2-мәтін
3. жанрлық ерекшелігін сақтап, өз өмірбаяныңызды жазыңыз. реттік сан
есімдерді қолданыңыз.
Отбасы - шағын мемлекет.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!