Адамзат қоғамынын ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдірілуіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми тeхникалық революция (FTP) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен "секіріс" ретінде бағаланды. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылыми-техникалық революция дегеніміз — белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдерінде FTP дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80—90-жылдарынан бастап, ҒТР-дың дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі FTP өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты — дәстүрлі FTP-дың адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет ететіндіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дың құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған. я не знаю призетачия может правильна
Гүл-гүл жайнап жер, аспан, Гүрілдейді сайда өзен. Гүлжазира жарасқан Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
Күн күледі Жер түледі( Көктем)
Бұлтты айдап желдеткен Нөсерлетіп селдеткен Жаңбырлатып ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)
Ақ сиыр тұрып кетті Қара сиыр жатып қалды (Қыс пен көктемнің ауысуы)(Переход зимы и весны)
Бірінен-бірі батыр сегіз батыр Жаралғалы соғысып келе жатыр Кезек-кезек жығысып,алысады Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр (Қыс,жаз,көктем,күз,ай мен күн,жақсылық,жамандық)
Жайы-жайы, жай кілем, Жайылып жатқан бір кілем, Түр-түр кілем, Төгіліп жатқан кір кілем.( Көктемдегі жер )(земля в весне или земля весною)