Ақмарал анасымен бірге орталық базарға бара жатқан. Жолда, үйдің бұрышында сүйкімді ақ кептер отырғанын көріп қалды. Біреуден жәбір көрген сияқты. Көздері жәудіреп ары-бері өткен адамдардан мейірім күтетіндей. Кішкентай қыз қорғансыз құсқа жақын барды. Жайшылықта ұша жөнелетін кептер қозғалмайды. Жуас. Монтаны. Ақмаралдан үркектеп, аттап секіруге талпынғанымен ұзаған жоқ.
— Қызым абайла! Ауру болып жүрмесін, — деп анасы ескерту жасады.
— Қараңызшы анашым! Қанаты сынық, содан ұшпайды! — Ақмарал мұңайды.
— Нәзік жүрегіңнен айналдым! Уақыт шығындап қайтесің, біз асығыспыз.
— Жоқ, анашым, көмектескім келіп тұр. Қандай сүйкімді! Түрі де әппақ! Біз қол ұшын бермесек, өліп қалады... Әйтпесе иттер жеп қояды...
— Жарайды, меселің қайтпасын, — деді анасы қызының өтінішін жерге тастамай.
Ақмарал мен анасы екеуі кептердің тыпырлап, қарсыласқанына қарамастан қолдарындағы сөмкеге басын қылтита салып алды да, автобусқа отырып қала ортасына тартты. Сұрай-сұрай жан-жануарларды емдейтін дәрігерлік клиникаға келді.
Кезекші дәрігер кептерді тексеруге ішке алып кетті.
— Жазылса екен, — деді уайымшыл Ақмарал мұңайып.
— Жазылады, ұшады әлі, — деді анасы кішкентай қызын бауырына қысып, жасаураған көзінен сүйіп.
— Шын айтасыз ба?! Сынған қанатын қалай емдейді?
— Ота жасайтын шығар. Сәл сабыр ет қызым.
— Мақұл.
Арада он-он бес мүйнет өткенде жүзі жайдары дәрігер көрінді:
— Дәл уақытында әкелдіңіздер, ота жасайтын болдық.
— Алақай! Ақ кептер ұшады! — Ақмаралдың көңілі аспандады.
— Дұрыс айтасың қызым! — деді дәрігер тәте де қуанып. — Ұшады әуелеп. Осылай тұрасыздар ма? Бір айналып келіңіздер.
— Ешқайда барғым келмейді, — деді Ақмарал. — Күте тұрайықшы анашым.
— Ұмытып барады екенмін, кептердің иесі сіздер ме?
— Көшеден таптық. Қанатының сынғандығын байқаған қызым, қоярда-қоймай осында әкелгізді. — Ақмаралдың анасы шынын айтты.
— То ыздар да болады, өзіміз қамқорлыққа аламыз.
— Үйге алып кетейік, қалдырмайықшы кептерді, — деді Ақмарал қиылып.
— Жүрегің жұмсақ екен қызым! Құс та болса жақсылық жасауға құштарлығың құптарлық іс! Олай болса, күте тұрыңыздар, — деді ақ халатты тәте күлімсіреп.
1. Тәттімбет Қазанғапұлы (қаз. Түтімбет Қазанғапұлы, 1815, ауыл Мыржық, қазіргі Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан - 1862, сонда) - қазақ болысының билеушісі және дипломат, халық композиторы-күйші, домбырашы, орталықтың негізін қалаушылардың бірі. шертпе стиліндегі қазақ күйлерін орындау мектебінің. (мүмкін бұл есім емес шығар, бірақ тапқаным осы)
2. Күйша Қазанғап
3. Қазанғап - өлген оқиғадағы Едігей Жангелдиннің ең жақын досы.
4. Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1921) Қазақтың халық композиторы және күй орындаушысы Қазанғап Тілепбергенұлы 1854 жылы қазіргі Ақтөбе облысы Челкар ауданының аумағында дүниеге келген.
Объяснение:
что ты написала? ?