Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн 700 жастағы ерекше ағаш Жаркент қаласынан 30 шақырымдағы Әулие-ағаш ауылы маңында өседі. Бұл – кәдімгі қарағаш тұқымы. Мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғанабар. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен. Киелi ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар. Жұрт оларды жетi ағайынды деп атап кеткен. Және «Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да осы киелi ағаштың ұрпағы саналады. «Бозбала мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер сәби сүю бақытына ие болады, ал Әулие ағаштың көз жасындай болып тамшылап тұрған көптеген сулар түрлі ауруларға ем деседі. Аталған ағашты тамашалау мақсатымен Америка, Австралия, Германия және басқа да шетелдерден туристер жиi келiп тұрады.
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден басталады, сондықтан, менің ойымша, әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын білуі тиіс.
Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.
Подробнее - на -