М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alinkass
alinkass
07.11.2021 03:27 •  Қазақ тiлi

Попс" формуласын қолданып, мәтіндегі ақпарат бойынша өз пікіріңді дәлелде. бірінші сөйлем. "менің ". екінші сөйлем. "себебі мен оны деп түсінемін". үшінші сөйлем. "оны мен деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын". соңғы сөйлем. "осыған байланысты мен деген шешімге келдім".​

👇
Ответ:
axmet2
axmet2
07.11.2021

Объяснение:

Менің ойымша,спорт адамға ең қажетті нәрсе.Себебі,мен оны денсаулық кепілі деп түсінемін.Оны мен спортзалда жаттығып денеңді шынықтыру деген фактілермен,мысалдармен дәлелдей аламын.Осыған байланысты мен әрбір адам спортпен белсене араласуы керек деген шешімге келдім.

4,5(39 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Анна02000
Анна02000
07.11.2021

Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.[1]

Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.

Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.

Тайлақ батыр 1726 жылы, есі әлі кірмеген халықты Қаракесек деген жерде жинап, Жоңғар хандығының әскерін 1727 жылы Қарасиыр деген жерде жеңген. Бұл "Ақтабаннан" кейін болған алғашқы жеңістің бірі еді.

Тайлақ батыр 1726 жылы, есі әлі кірмеген халықты Қаракесек деген жерде жинап, Жоңғар хандығының әскерін 1727 жылы Қарасиыр деген жерде жеңген. Бұл "Ақтабаннан" кейін болған алғашқы жеңістің бірі еді.Қарасиыр шайқасынан кейін Бұланты, Аңырақай деген атақты шайқастар болған. Бәрінде қазақ қолы жеңіске жеткен!

Бұланты шайқасы - ж. Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы.

Бұланты шайқасы - ж. Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы.1723-1725 жж. қазақ жерінің шығысы мен Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірін басып алған жоңғарлар Ұлытауға қарай бет бұрды. Осы қауіпті кезеңде Ордабасы жиынында біріккен бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайыр хан сайланды. Бұл жоңғарларға қарсы ұйымдасқан шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде Ұлытау өңіріне енуді көздеген жоңғарлар 1726 ж. Шұбар теңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс тапты. Мұның артынша Бұланты мен Білеуті өзендері арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Ол тарихқа Бұланты шайқасы деген атпен енді. Онда қазақ жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарлар Ұлытауға жеткізбей тоқтатылды. Сол жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе «Қалмаққырылған» атанды. Қанжығалы қарт Бөгенбайдың ұсынысымен соғыста қаза болған қазақ жауынгерлерінің денесі таудың басына шығарылып жерленді. Өзінің маңыздылығы жөнінен Бұланты шайқасы 1941 ж. Мәскеу түбіндегі жеңіспен барабар. Осы оқиғадан кейін жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін азат ету кезеңі басталды.

XVIII ғасырда өмір сүрген. Орта жүздің арғын тайпасы Бәсентиін руынан шыққан.[1] Әкесі от ауызды, орақ тілді атақты Өмір шешен. Анасы - қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы. Жасыбай ба­тыр құралайды көзге атқан мергендігімен аты шыққан. Баянауыл өңірін, басқа да қазақ жерін жоңғарлардан азат ету күресіне белсене араласқанБір шайқас алдында Олжабай батыр Жасыбай батырға сарбаздарымен келе жатқан жоңғар жасағының жолын бөгеп, жiбермеудi тапсырады. Мыңға толмайтын жасақты бастаған Жасыбай батыр екi есе көп жау қолымен асқан ерлiкпен соғысады.Бiрақ оқыс тиген жау садағының оғынан қайтыс болады. Қазақ қолы шегiне бастайды.Сол кезде тау шатқалына Олжабай бастаған әскер кiредi. Олжабай батыр Жасыбай батырдың жау оғынан мерт болғанын естiп, қалмақтарды қырып салады. Бұл күнде ол жер Қалмаққырылған деп аталады.

4,5(46 оценок)
Ответ:
lew8
lew8
07.11.2021

Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір дақылдарға жылу, екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық , аңызақ , үсік , көктайғақ,бұршақ,тұман, шаңды дауылдарды жатқызуға болады.

Қазақстан климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті 60°-70°С-қа дейін қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда да жиі болып тұрады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел — аңызақ тән. Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады: дала зонасында жылына 5-10 күн, шөлейт зонасында 40, Қызылқұмда 100 күн. Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4 рет болды. Қуаңшылық пен аңызақ қа қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т.б. арнайы агротехникалық шаралар қолданылады.

Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі — шаңды дауыл. Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Шаңды дауыл ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларын ашып тастайды, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына 20-38 күн шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55-60 күн болады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс, шығыс тауларында шаңды дауыл негізінен байқалмайды, өйткені олар тастақты және сазды аудандар болып есептеледі.

4,5(34 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ