Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. 1841 жылы Қостанай облысы Затабол ауданында дүниеге келген. Атасы Балғожа кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылған орыс-қазақ мектебіне береді. 1859 жылы мектепті үздік деген бағамен бітіреді. 1859 жылы өз елінде тілмаш болады. 1864 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып келеді. 1876 жылы Петербург Қазан қалада болады. Торғай облысы мектептің инспекторы болады. 1879-1883 жылдары Торғай облысында жаңа мектептер ашады. 1881 жылы Омбы қаласында тұнғыш мұғалімдер мектебін ашады. 1876 жылы "Қазақ хрестоматиясы" оқу құралын жазады. Ы.Алтынсарин 19 ғасырдың екінші жартысында қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктерді көре білген қаламгер.
«Қамбар батыр» эпосы да қазақ халқына көптен мәлім, мейлінше кең тараған. Қазақстанның қай түпкірінде болсын, ел сүйсіне тыңдап, сүйіп оқитын шығармасының бірі. «Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл вариантын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев варианты тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды. Ең соңғы рет басылуы - 1957 ж. Мұнда «Тоқсан үйлі тобыр», «Қамбар батыр» екі вариант қатар берілген. Бұл ба амбардың» басылу тарихы, версия, варианттары жайлы ақпар, мәліметтер болғандықтан, ол жағына біз тоқталмайық. Бізде күні бүгінге дейін дұрыс көңіл аударылып, анықталмай келген бір мәселе - «Қамбар батыр» эпосын қазақ халқы тарихындағы қай дәуір, қай кезеңге жанастыруымызға болады деген мәселе. Бұл айтуға оңай болса да, дәлелдей қою қиын. Әйтсе де шығарманың мазмұны суреттелетін оқиға, тартыстарға сүйене отырып, кейбір топшылаулар жасауға болмайды емес.
Ата-баба - арғы ата, танымал - атақты, шаhап - қала, жылдам - тез.