Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары. Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады.
Қазан төңкерісіне дейін орыс және қазақ тілдерінде 1875 жылы “Записки Оренбурского отдела Императорского Русского географического общества” жинағында жарияланған. Кейін аталған жинақта (1885), “Астраханский вестник” газетінде (1893, 1916), Ы.Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясында” (1879, 1906), т.б. жинақтарда, ал Кеңес дәуірінде “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971) “15 — 18 ғасырлар қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1984) жинақтарында жарық көрді.[1]
Жұмбақтың шешуі: АҚҚУ.
Аққу туралы.
Аққу – киелі құс. Қазақ халқында ежелден «Аққу құсты атпайды, қыранды баулып баптайды» деген сөздер бар. Аққулар - жыл құстары. Олар махаббат пен тазалықтың символы саналады. Олар бейне бір әсемдіктен жаратылғандай өте әдемі, сымбатты құстар. Егер жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.
Аққу жылына бір рет түлейді, балапандары ширақ болады.