М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Andreyp2881
Andreyp2881
16.02.2020 06:25 •  Қазақ тiлi

Эссе на тему "тұңғыш елбасы күні мерекесі" для сора !

👇
Ответ:
rakrak2016
rakrak2016
16.02.2020

Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Бұл есте қаларлық күні Қазақстан Республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қасиетті де, киелі қазақ жерін адам танымастай өзгертті, қазақ халқының рухына қанат бітіріп, қазақтарды қазіргі кезде де алға жетелейді. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев не жасаса да, қазақ халқының игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасаған.  

Мен үшін, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тарихи өшпестей із қалдырған аты қалған ұлы тұлғалардың бірі. Себебі ол қазақ халқын жарқын болашаққа сендіртті, өшкенімізді жандыртты, өлгенімізді тірілтті. Биыл Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш президент атанғанына жиырма сегіз жыл болды. Сол жиырма сегіз жылда әр қазақ көкірегінде мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асаулары мен бағындырған жаңа белестерін саусақпен санауға келмейді. Бұл жетістіктеріміз үшін біз елбасымызға қарызбыз. Себебі, тұңғыш президентіміз қазақ балаларына арнап қазақша балабақшалар, мектептер және тағы басқа да оқу орталықтарын, әртүрлі ойын- сауық кешендерін, спорт клубтарын  салдыртты, қазақ елін дамып келе жатқан елдер қатарына кіргізді. Нұрсұлтан назарбаев арқасында қазіргі кезде қазақ спортшылары олимпиадалардан әртүрлі жүлделер алып жатыр ғой! Міне, бұл жетістіктер арқасында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тарихында із қалдырған адам болып саналады және 1 желтоқсан бүкіл Қазақстан тойлайтын аса қадірлі күндердің бірі болып табылады.

4,8(87 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
dadada0
dadada0
16.02.2020

морфологиялық сипаттары

морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.

дара етісітіктер

дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа
жіктеледі. дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, , сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б.

түбір етістіктер

түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ
деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай,
шаш т. б.

бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын
ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та), жорт (жоры+т) дегендерді, сондай-ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла),
шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.

туынды етістіктер

туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а,
мін+е, мол+ай, ес+ей.

есім негізді етістіктер

есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.


есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:

-ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнағы;

-лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы;

-лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы;

-лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы;

-а (-е) жұрнағы;

-ай (-ей,
-й) жұрнағы;

-қар (-ғар, -кер, -гер) жұрнағы;

-ар (-ер, -р) жұрнағы;

-ал (-әл, -ыл, -іл, -л) жұрнағы;

-ық (ік) жұрнағы;

-сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары;

-сын (-сін) жұрнағы;

-сыра (-сіре) жұрнағы;

-ра (-ре, -ыра, -іре) жұрнағы;

-ырай (-ірей) жұрнағы;

тек белгілі бір есімдерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етістіктерден туынды етістік жасайтын әрі көне, әрі маңдымсыз жұрнақтар бар. оларға мыналар жатады:

-ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б.)

-шы, -ші

-ан, -ен, -ын, -ін, -н

-ырқа, -ірке

-ырқан, -іркен

-ына, -іне

-қа, -ке, -ға, -ге

-ди, -тый, -ти

4,8(74 оценок)
Ответ:
урсвт
урсвт
16.02.2020

мысырлықтар орион жұлдыздары мен сириус жұлдызы - бұл ежелгі дәуірде жерге түсіп, ң пайда болуына себеп болған құдайлардың исис пен озиристің көктегі мекен-жайы. исис өзі де көктегі сиыр деп аталды, сондықтан галактика сүт жолы деп аталды.

египеттің әрбір фараоны, өлгеннен кейін, оның рухы
осы ұлы құдайлардың көкте тұратын қоныстарына шығып, пирамида мәтіндерінде айтылған деп үміттенген.

мұны істеу үшін гизада үш керемет пирамидалар салынған, дәл солайша орионның белдеуіндегі үш жұлдыздың орналасуына сәйкес, және сириус өлілер фараондарының денелерінде жаңа өмір демін алатын
жердің қайта тірілу жұлдызы деп саналды.

мысырлықтар жұлдызды, сириустың жұлдызын әлемнің іргетасы деп санап алды, өйткені күннің алғашқы күн шығуы күнмен бірге нөлдің жердегі сүмбіле жолының нышанының белгісі болды.

4,4(30 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ