Менің сүйікті ертегім.
Қазақ ауыз әдебиетінде жақсылыққа баулитын аңыз-әңгіме,ертегілер көп.Солардың ішіндегі маған ең ұнамдысы- "Алтын сақа" ертегісі.Бұл ертегінің желісі бойынша бір бай перзентке зар болып,ақырында зарыға жүріп перзентті болады.Ойда жоқта жалмауыз кемпірдің қолына түсіп,жалғыз перзентін өз бостандығына айыр бастайды.Әкесі әдейілеп жұртта қалдырып кеткен алтын сақасын іздеп келген бала жалмауыз кемпірден қаша жүріп қиындықтарға қаймықпай төтеп береді.Баланың төбеттері жалмауыз кемпірді талап өлтірсе,баланың өзі оның қызын көзінен садақпен атып өлтіреді.Міне,осылайша ертегі аяқталады.Ертегінің бас кейіпкері баладан біздің үйренеріміз көп.Себебі,ол ақылды да,батыр,батыл,қайсарлы да айлакер бола білді.Сондықтан да аталмыш ертегі менің ең сүйікті де жақсы көріп оқитын ертегім.
Қазақ халқының ертегілерінің қай қайсысы болмасы оқуға тұрарлық.Олардың әрқайсысында үлкен тәрбиелік мән жатыр деп білемін.
1. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Биыл мектеп бітіремін және Алматыға инженерлік оқуға түсемін.
Е) Ыңғайлас салалас құрмалас
2. «Бірақ, дегенмен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
В) Қарсылықты салалас құрмалас
3. «Өйткені, себебі» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
D) Себеп-салдар салалас құрмалас
4. «Бірде, біресе» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
E) Кезектес салалас құрмалас
5. «Және, мен, пен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
С) Ыңғайлас салалас құрмалас
6. Себеп-салдар салаластың шылауын табыңыз.
С) өйткені, себебі
7. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Ол сабаққа дайындалмаған себебі: кеше кітапханадан кітап таба алмады.
С) Түсіндірмелі салалас құрмалас
8. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Сені сағынғаным сонша - түсіме жиі кіресің.
E) Түсіндірмелі салалас құрмалас
9. Құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз.
A) Салалас, сабақтас, аралас
10. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді анықтаңыз.
A) Қазақстан ұлан-байтақ жерді алып жатыр, ол ұлан-ғайыр кең өлке
11. Шартты бағыныңқы құрмалас сөйлемнің жұрнағын анықтаңыз.
B) –са, -се
12. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
«Отан» деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.
C) Себеп-салдар
13. Құрмалас сөйлемді табыңыз.
B) Іңір де түсті, балалар да үйлеріне кірді
14. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
C) Не ексең, соны орасың
15. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңыздар.
A) Бірақ, дегенмен, алайда