Менің атым Владислав.Ұлтым-орыс.Мен мың тоғы жүз тоқсан сегізінші жылы он төртінші тамызда дүниеге келдім.Қазақстанның Семей өңірінде тұрамын.29-шы мектепте 11-ші сынып оқушысымын.Менің отбасым төрт адамнан құралады:анам,әкем,мен және інім.Кішкентай ініме төғыз жаста.Үшінші сыныпта оқиды.Анам отыз алты жаста,қоймада атқарушы қызметінде жұмыс істейді.Әкем болса қырықта,завод директоры болып жұмыс атқарады.Мен көбінесе техникаға,компьютермен және оған байланысты заттарға қызығамын.Мектепті бітірген соң IT технология мамандығына түскім келеді.
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін. Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек. Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы, Ауыл алды, аунаған шөптің қасы. Сағынғанда тым ыстық көрінеді, Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.