М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DianaAudley
DianaAudley
06.01.2021 13:46 •  Қазақ тiлi

Кестені пайжаланып , сөйлем құра. сөйлемге мезгіл үстеүі не мекен

👇
Открыть все ответы
Ответ:
gevorpilot
gevorpilot
06.01.2021
Үкі  үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. ұясын жасыруға болатын жерге салады. жұптарын өмір бойы сақтайды. дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады. саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. евразияда, сондай-ақ қазақстанда кең тараған. шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендейді. санының қанша екені белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек. санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп өлгенінен басқа, кауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау үшін ұядағы алудың да кері әсері үлкен. сондықтан оны қорғаудың тағы бір жолы - оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек. жалбағай  жалбағай, қалбағай (лат. platalea leucorodia) — ескекаяқты құстар отрядының тырна-құтан түқымдасына жататын құс. қанатының ұзындығы 39 см, салмағы 1,5 кг. ақ құс, басында сарғылт айдары бар. сирақтары ұзын, қара. тұмсығы жалпақ, қалақша тәрізді. ақ мамықты. жыл құсы: наурыз-сәуірде келіп, қыркүйекте қайтады. сәуірде 3-4 жүмыртқа салады. оны мекиені жалбагай мен қоразы 3 аптадай кезектесіп басады. су жәндіктерімен, олардың дернәсілдерімен, қпен, бақамен қоректенеді. қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.  кейбір жерлерде бұл құсты қалбағай деп атайды. жалбағайдың қанатының ұзындығы 35 – 40 см, салмағы 1,7 кг-дай. жалбағай ақ түсті, басында сарғыш ұзын қауырсындардан тұратын кекілі және мойнының төменгі жағында сарғыш қоңыр түсті дағы болады. басқа, өзіне ұқсас құстардан бір ерекшелігі – тұмсығы. ол тік әрі ұзын, ұшы күрек тәрізді жалпақ; тұмсықтың негізі – қара, ұшы сарғыштау. сирағы – қара түсті. қамысты, бұталы тайыз суларды мекендейді. топталып, шоғыр (колония) құрып тіршілік етеді.  судағы қ шабақтарымен, бақалармен және омыртқасыздармен қоректенеді. жалбағай – жыл құсы. қазақстанға наурызда ұшып келеді, тамыз – қыркүйек, кейде қараша айында да кездесе береді. ұясын қамысты қопаға, бұта мен ағаш басына салады. ақшыл түсті 3 – 5 жұмыртқасын сәуір – мамырда аталығы мен аналығы кезектесіп, 3 аптадай шайқайды. жалбағайдың құтан, қарабай, үлкен су құзғындары немесе қарақаздармен бірге ұялайтыны туралы жаңа деректер белгілі болды. саны жылдан-жылға азаюда. 1990 жылдардың аяғында республика жерінде 400 – 650 жұбы ғана ұялаған. жалбағай сирек кездесетін құс болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. қоқиқаз  қоқиқаздар (лат. phoenicopterus)[1] - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. қоқиқазтәрізділер сабы (лат. phoenicopteriformes) және қоқиқаздылар тұқымдасының (лат. phoenicopteridae) жалғыз туысы. қызыл қанат деп те аталады. қорғалжын қорығындағы теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.
4,7(11 оценок)
Ответ:
Sofa9091
Sofa9091
06.01.2021
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.1992 ж. маусымның 4-інде қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен  белгiленген.
Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.
4,6(96 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ