Қожа Ахмет Ясауи кесенесi тек ортағасырлық сәулет өнерiнiң керемет туындысы ғана емес, сол сияқты ортағасырлардан сақталған бай тарихи мұраларды сақтап отырған киелi орын ретiнде де тарихта белгiлi орны бар ескерткiш. 1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде ашылып халыққа қызмет көрсете бастаған кезде музей қорында 300-ден аса жәдігер болған.
Музей қорына қабылданған алғашқы жәдігерлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ХIV ғасырдан сақталған, Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған қола және ағаш бұйымдар. Олар тайқазан, шырағдандар, және қазандық, қабірхана есіктері, олардың қола халькалары мен балғашалары. Бұл қола бұйымдар туралы алғаш ғылыми деректер ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жариялана бастады. Мысалы, М.Е.Массон мен А.Ю.Якубовскийлер жалпы сипаттама жасаған болса 1960 жылдары Санкт-Петербургтағы Эрмитаждың шығыстанушы ғалымы А.А.Иванов кесенеде Әмір Темір дәуірінен сақталған бірнеше затқа толық анықтама жасаған болатын.[1]
Әмір Темір дәуірінен сақталған жәдігерлер қатары: келген адам ғимарат ішіне кіретін есіктерден бастау алады. Жәдігер есіктер жамағатхана бөлмесінің есігі «Қақпа» және Қабырхана есігі «Қапсырма». Шеберлер есіктің берік және әсем жасалуымен қатар, рәміздік мән-мағынасын арттыру үшін оған символдық мәнге ие ою-өрнектер, терең мағыналы хадистер мен нақыл сөздердің бедерленуіне көңіл бөлген. Есіктер екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей-өрнектермен өрнектелген. Әртүсті ағаш қиындыларымен және піл сүйектерімен жапсырып әшекейленген өрнектерінің біразы тозып жойылған. Қақпа есіктің орта бөлігінде есікті қағуға арналған екі қола алқа мен оларды орнататын топса-тұғырлары бар тік төртбұрышты тақташалар орналасқан. Алқаның топса-тұғырлары барыстың басы бейнесінде сомдалып, одан төменірек алқаның өзінде барыстың екі кішкене аланының бейнелері сомдалған. Қола тақташада алқаның ұрылып дыбыс шығаруына арналған сегіз жапырақшалы гүл бейнесіндегі кішкене төстігі бар. Екінші есік қабірхана есігі-Қапсырма. Жалпы пішіні Жамағатхана есігіне ұқсас, есіктің жоғарғы тұсында екі алқаның дөңгелек қола тақташалары және гүлге ұқсас сегіз жапырақты кішкене төстігі сақталып, алқаларының өздері жоғалған. Деректер бойынша жоғалған алқалар қақпа есіктің алқаларына ұқсас, сондағы жазулар да қайталанып жазылған.
Қаңтардың соңғы жексенбісі – «Халықаралық интернетсіз күн» болып жарияланған. Оның мақсаты – бір күн болса да компьютерден адамдардың көңілін бөлу.
Соңғы жылдары Интернет өмірімізге мықтап енгені сонша, қазір онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, балабақша ақысын төлеу, білім беру қызметтері, пойыз/ұшақ/автобус билеттерін сатып алу, концерт, көрме, бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан көрікті жерлерге виртуалды экскурсиялар ... Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады. Интернет арқылы кәсіпорындар тауарларын жарнамалайды, дәрігерлер әріптестерімен, оқытушылар мұғалімдермен онлайн-консультациялар ұйымдастырып, вебинарлар өткізеді. Тіпті БАҚ өз сайттарын құрып, сол жерде жаңалықтар жариялайды. Әрине, ғаламтордың арқасында сіз тек қоңырау шалып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшардың басқа жағындағы туыстарыңыз бен достарыңызды көре аласыз, оларға жеделхат немесе бейне құттықтаулар жібере аласыз, қашықтан оқып, білім аласыз ...
Дегенмен, әр нәрсенің шегі болу керек. Бұл сөздер ғаламторға да қатысты. Себебі бір нәрсе іздеп отырып, басқасын көзін шалып қалып, қызықтың жетегіне еріп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай да қаласың. Ал сол уақытты отбасыңмен немесе достарыңмен өткізіп, пайдалы іспен айналысуға болады. Қазір байқасаңыз жиын – тойларда, достардың кездесуынде жастар бір – бірімен сөйлесіп, әңгімелесудің орнына телефондарына үңіліп отырады. Бұл да ғаламтордың кері әсері деп білемін. Сондықтан ғаламторды тек қажетті уақытында пайдаланып, бос уақытты өзіңізге, отбасыңызға арнаған дұрыс деп есептеймін. Себебі айналаға қарасаңыз қызықты істер жетерлік: отбасылық кештер, таза ауада серуендеу, достармен кездесу, түрлі ойындар, жиындар, концерттер... Бір күнді ғаламторды өткізіп байқап көріңізші.
Пойдет?
Объяснение: