Uқылым аитылым
-тапсырма.
сөйлем бөліктерін сәйкестендіріп оқы. мәтін мазмұны
бойынша сөйлемдердің рет санын белгіле.
қарт тас қашаушы өтіп бара жатады.
алтынға айырбастар ма едің?
бір көзіңді қаншаға
қария зарлап отырған
екі қолың мен аяғыңды
ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып,
саған не болды сонша жылап,
ң ең үлкен байлығы –
жігіттің лашығының алдынан
қарт осыны айтады да
сатар едің?
күш-қуаты мен денсаулығы,
жігіттің қасына келеді.
әрдайым мұңын шағады екен.
жөніне кетеді.
сен нағыз бай емессің бе?
оқылым айтылым
-тапсырма.
мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексер. 7 тап
Қазақ дастарқанының ерекшелігі.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!