Асқазан ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру – жедел гастрит. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi - бес жыл. Айжан жоғарыдан төмен сырғанаған кезде,қатты қорұып кетті.
Дәрумендер-адам өмірінде маңызды орын алады. Олар бойдың өсуіне, адам қаңқасының дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді, көбеюге және басқа да биологиялық процесстерге қатысады. Ағзада дәрумендер өз бетінше қалыптасады, кейбіреулері тағаммен немесе дәрі-дәрмектермен келеді.Дәрумендер адам ағзасының қалыпты жұмысына, зат алмасуға,иммунитеттің дамуына қажет. Дәрумендерсіз адам ағзасында көптеген аурулар дамиды. Бірақ дәрумендердің жақсы жағынан басқа жаман жағы да бар. Кейде адам ағзасында дәрумендердің артық мөлшерінен немесе жетіспеуінен ақау болады, соның нәтижесінде адам өзін қолайсыз сезінеді. Қазіргі кезде витаминдер синтезделеді, және адамдар оларды тамаққа қосып қабылдаудың орнына оларды дәрілер түрінде сатып алып қабылдайды. Біздің нақты білетініміз, сырттан қабылданатынның бәрі өз мөлшерінде қабылданылуы керек.
Жаңа технологияларға таңғалудан қалып барамыз. Əлемнің əр түкпірінде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Осы саланың мамандары ойға сыймайтын жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Мысалы, адам өмірін жеңілдететін роботтарды алайық. Робот – адамға тəн іс-əрекеттерді орындайтын, арнайы бағдарлама немесе басқару пульті арқылы басқарылатын механикалық құрылғы. Қазіргі кезде осы робототехника саласы бойынша əлемде ең үздік Жапония елі. Олардың мамандары адам орнын баса алатын толыққанды роботтарды шығарумен айналысады. Яғни, жапон роботтары адам атқаратын кез келген қызметті айна-қатесіз орындап, адамдарға көмекші ретінде қызмет ете алады. Үй жинап, егде кісілерге немесе балаларға күтуші болып, дүкен сатушысы ретінде сатып алушылардың сұрағына жауап бере алатын роботтар немесе ақылды техникалар бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар ғылымының басты тенденциясы.
Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi - бес жыл.
Айжан жоғарыдан төмен сырғанаған кезде,қатты қорұып кетті.