2-тапсырма «әлеуметтік желілер жастарға қалай әсер етеді? тақырыбында
сөйлесіңіз.
сұрақтарға толық жауап беріңіз.
-
ғаламтордың пайдасы мен зияны: қайсысы көптеу?
жастардың арасында ғаламторға тәуелділік бар ма?
ғаламтор тәуелділігінен қалай құтылуға болады?
ғаламтор мәдениетін білеміз бе?
-
3-тапсырма көп нүктенің орнына тиісті үстеуді жазыңыз
- мен үй тапсырмасын орындаған кезде ғаламторды
пайдаланамын. ғаламтордың
пайдасы мен зиянын
қарап шықтым. бүтін
тұрып
компьютерді қостым.
электронды поштаға хат жазып отыр.
керекті сөздер: жиі, ерте, қасақана, әдейі
Аквариум туралы диалог.
– Алло,сәлеметсіз бе?Гауһарды бола ма екен?
– Алло,амансың ба? Қазір шақырайын.
– Жарайды.
– Алло,Мөлдір,сәлем!
– Сәлем,Гауһар!Қалайсың?
– Жақсы,өзің ше?
– Мен де.Бүгін демалыс қой,үйде отырғанша шығып қайтпадық па?
– Мен қарсы емеспін.Бірақ қайда барамыз?
– Қалада алдыңғы күні аквариум ашылды дейді.Соған барайық.
– Мәссаған.Шын ба?
– Ия,сен бұрын соңды аквариумға барып көрдің бе?
– Мүлдем барып көрмедім.Сен ше?
– Ал мен бардым.Ол жерде қызықты болады.Неше түрлі үлкенді-кішілі балықтарды,су жануарларын,өсімдіктерді көреміз.
– Тіпті акуланы да ма?
– Ия! Сондай-ақ бүгін аквариумда су перісінің арнайы қойылымы болады екен.
– Ендеше барып қайтайық.Мен сенің үйіңе соғамын,дайын отыр,жарай ма?
– Жарайды,кездескенше!