Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын. Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
Ерікті ен даланың құсынша ұшып, Ер жеттім кеңшілікті сүтін ішіп. ... Алтай, Ертіс Сырдария, Есіл, Жайық, Арасын қоныс қылдым ірге жайып. Елім, жерім, қорғайтын ерім болып, Ер жеттім ен далада лықа байып.
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен, Бір кезде Еуропаңды тітіреткен. Кіргені есік, шыққаны тесік болып, Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын. Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын!