Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдасаң уатып, әлпештеп, жырын айтып, тісің шыққанша аузыңа тамақ салып, киіміңді тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді, еркелетеді, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, бағып – қағады. Мен анама қанша алғыс айтсам да, өмір бойы анама қарыздармын. Себебі ол мені тоғыз ай, тоғыз күнде жүрегінің астында аман сақтап, жарық мына керемет өмірді сыйлады.Сондықтан да ол біздің қуанғанымызды, ренжігенімізді сезіп отырады. «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың», үлкенді сыйлау бәрімізге міндет, ал анаңды сыйлау ол өмірлік парызың.
Мен анам жайлы айтсам, ол кісі өте мейірімді, ақкөңіл жан. Анам менің жаратушым, қашан ер жетіп өзіңмен өзің болып кеткенше жанымды сақтаушым. Ана- бұл жер бетіндегі ең аяулы жан!
"Дос пен досты есеп бұзады не өсек бұзады".
Өз басым айтылған пікірмен толықтай келісемін. Себебі, біріншіден, адал достар арасында ешқандай есеп айырысу болмау керек. Осы орайда, «Досыңа қарыз берме, берсең, сұрама» деген нақыл сөз есіме түсіп отыр. Себебі, досың қиналған сәтте сенен қарыз алады және жағдайы келіп жатса, міндетті түрде қайтаруға тырысады деп ойлаймын. Ал егер, қайтып бере алмай жатса, бергеніңді міндетсінбеу керек. Бұл достар арасына кірбің салады.
Ал екіншіден, дос болған адамның сыртынан ешқашан жаман пікірлер айтып, қауесеттерге ермеу керек. Себебі, адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ал сен досыңды жамандайтын болсаң, демек өзің де сондайсың.
Сондықтан да, ұлы дана Абай атамыз айтқандай бес дұшпанның біреуі саналатын өсектен аулақ болып, достық қатынасты сақтай білейік. Өйткені, достық қарым – қатынас өмірімізде өте маңызды, адал дос табу оңай емес. Әрқайсымымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Осындай достарымыз көп болып, достықтарымыз мәңгілік болсын дегім келеді!
Казактын кандай халык андерин жане аншилерын билесын?
Объяснение:
Казак халкынын ан куйы туралы кандай макалдарды билесиндер?
Казактын кумис комей аншилеры деп кимдерды атар един?