Менің отбасым. Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.
Ас адамның арқауы. Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.
-Сәлеметсіз бе, сіз сауда жасай білесіз бе?
-Сәлеметсіз бе! Әрине, менің сізге көмегім керек пе?
- Егер қиындық туындамаса, маған жаңа маусымдағы жылы киімдерді жеңілдік алу керек еді.
-Жарайды, қазіргі маусымда жылы киімдердің ең төменгі бағасы он-он бес мың теңге шамасында.
-Түсінікті, ендеше сыртқы күртеше түрлері мен бағасын айтып жіберіңізші.
- Мен сіздің қалауыңыз бойынша, осы қара күртеше көрсете аламын, оның бағасы жеті мыңдай теңге тұрады.
- Бұл мен үшін жақсы баға, осыны аламын.
- Жақсы шешім қабылдадыңыз. Төлем жасай беріңіз.
- Менде қазір он мыңдай теңге бар, қалған үш мың теңгеге не алуға болады?
- Мысалға, мына жемпір бағасы үш мыңдай теңге тұрады
- Маған ұнады, онда мен осыны аламын.
-Әрине.
- Рахмет көп,көп. Мен сіз арқылы бүгін жақсы сауда жасадым
- Оқасы жоқ, егер көмек керек болса, мынау менің визиткам.
- Иә, менің сізге алғысым шексіз. Онда, келесі кездескенше!
-Келесі кездескенше!
Болжамдық сан есім: үш мыңдай, жеті мыңдай ,он-он бес мың
Объяснение:
Я хорошо знаю казахский язык, так что здесь все правильно))