М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Златаник2017
Златаник2017
16.08.2022 11:48 •  Қазақ тiлi

Жаңа сөздерді суреттермен қалай байланыстырар едің? Жаңа сөздер:баба, шөл, қоңыржай, аймак, арпа, күріш, топырақ,бедер,сарғыш

👇
Открыть все ответы
Ответ:
AlexeyOsipov
AlexeyOsipov
16.08.2022

Қасқыр туралы қызықты мәліметтер Қасқыр (лат. Canis lupus) — жыртқыш аң. •Басқа атаулары да белгілі: бөрі, бері. •Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді. Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады. Aңыз •Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған. •Тағы бір аңыз: «айдай сұлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»… •Қасқыр — қайсар, аса сақ хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. Бірде бір сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. Қиқулап қуа жөнелген топ алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. Ары іздейді, бері іздейді, жоқ. Кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен. Сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. Қасқырдың ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты. •Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай. Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі. •Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан.

4,6(22 оценок)
Ответ:
Zarinaoo
Zarinaoo
16.08.2022

Қазақстан Композиторлар одағында кеңесші, аға кеңесші, шығармалық секциясының меңгерушісі болып қызметтер атқарған.

1998 жылдан Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы, Алматы консерваториясында кафедра меңгерушісі.

оның шығармашылықтары

Мәңгілік алау” балетініңоркестр мен фортепианоға арналған концерттіңорганға арналған “Шығыс аспаны” музыкасыныңскрипкашылар мен фортепианоға арналған концерттік дуэттің“Шолпы”, “Тас аруақ” хореогр. билерінің“Жұлдыздар аңыздары” аспаптық сюитасыныңбірқатар романстар мен әндердің авторы.“Дананың мұңы” (Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған; 1995; режиссер Б.Преображенский)“Заманақыр” (авторы О.Сүлейменов, Б.Мұқай; режиссер Р.Сейтметов)“Анасын аңсаған қыз” (авторы Д.Исабеков)“Миғұла терісі үстіндегі сот” (авт. М.Шаханов, Ш.Айтматов), т.б. спектакльдерге“Андрей Первозванныйдың ордені” (режиссер А.Головинский, 2000) фильміне музыкалар жазған.
4,8(64 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ