Жауаптары:
Жауаптары:12 - билет
3) Мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөздер:білімнің, адамның.
20-билет
1) Мәтінді оқып,сұрақтар қой.
1.Қандай адам болашақта дегеніне жетеді? (Арманшыл адам)
2.Қай кезден бастап адам өзінің жүрегі қалаған мамандыққа бейімделе бастайды? (Жас кезден)
3.Жастардың басты міндеті қандай? (Ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу ).
23-билет
2) Жалғаудың түрлері,мысал.
Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша.Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.Мысалы,еңбек,еңбектің,еңбекке,еңбектен,еңбекті,еңбекте,еңбекпен т.б.
Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер).
Жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.Мысалы,мен бардым,ол отырды,біз келдік т.б.
25-билет
2) Үндестік заңының ережесі,мысал.
Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз.
Оның екі түрі бар: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.
Тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
3) "Азамат","қайраткер" сөздерін жіктеу.
Жекеше:
І жақ:Мен азаматпын,қайраткермін.
ІІ жақ: Сен азаматсың,қайраткерсің.
Сыпайы түрде:Сіз азаматсыз,қайраткерсіз.
ІІІ жақ:Ол азамат,қайраткер.
Көпше:
І жақ: Біз азаматпыз,қайраткерміз.
ІІ жақ:Сендер азаматсыңдар,қайраткерсіңдер.
Сыпайы түрде:Сіздер азаматсыздар,қайраткерсіздер.
ІІІ жақ:Олар азамат,қайраткер.
Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-апыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдікжағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш.
Адамзат қарқынды қарқынмен дамып келеді және мүмкіндігінше барлығын зерттеп келеді. Бүгінгі күнге дейін біздің ғаламшарымызда көп нәрсе үйренді және түсінді, ал ғарыш әлі толық зерттелмеген. Адам әрқашан жаңа нәрсені үйренуге тырысады, тіпті ежелгі уақытта адамдар күн, аспан мен аспаннан жоғары нәрселер жайлы ойланған. Сол күндерде технология жетілмеген, сондықтан адамдар ғарышта не бар екенін тек болжай алды.
Содан кейін адамдар ғарышқа ұшуға мүмкіндік беретін осындай құрылғыларды құра алды. Адамдар, тіпті адамдар да, басқа да тіршіліктер де бір жерде тұр деп ойлаған. Мүмкін, біз сияқты жануарлар мен адамдар тұратын Жер сияқты планета бар. Ғарыш кеңістігі шексіз және құпиялар мен қызықтарға толы.
Ғарышты зерттеу өте қызықты. Ғарышта не бар екеін қандай құпиялар бар екенін болжау оңай емес, сондықтан оны зерттеу саласы қызықты және күтпеген фактілерге толы. Бірде адам ғарышты толығымен зерттейді, содан кейін білуге ештеңе болмайды.
Қазіргі уақытта адамзат ғарышты зерттеуге көп ресуртар жұмсайды. Адам ғарышқа бару үшін көп күш жұмсады, қазір ғарышта жасырып жатқан барлық құпияларды үйренуге тырысады. Әр ғарыштық ұшыу миллиондаған қаржыны және көптеген адамдардың қатысын талап етеді.