М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
427v2
427v2
27.10.2020 05:13 •  Қазақ тiлi

Көліктер туралы эссе керек еді? ​

👇
Ответ:
yuliasolarova
yuliasolarova
27.10.2020

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында көлік байлық белгісі емес, қажеттілікке айналып отыр. Себебі "Уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан қоғамда адамдар уақытты аса жоғары бағалап, барлық жұмыстарды уақытында, дер кезде бітіруге, баратын жерлеріне жылдам баруға тырысады. Ал бұл көліктің көмегінсіз мүмкін емес. Көлік болған жағдайда кез келген жерге жылдам әрі уақытында баруға, кез келген нәрселерді сатып алуға, көшіруге, әкелуге, тасымалдауға ыңғайлы. Тіпті бүгінгі күні қыздар мен әйелдер қауымы темір тұлпар тізгінін өз қолдарына алып, ер адамдармен бірдей көлік мінеді. Мұның өзі көліктің қажеттілікке айналып отырғанының бір белгісі деп білемін. Ал қазіргі уақытта көліктің алуан түрлері бар: жеңіл көлік, жүк таситын көлік, спорт көліктері, арнайы жабдықталған көліктер т. б. Осы алуан түрлі көліктің ішінде ең қымбаты қайсы? деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттарға жүгінсек, қымбат көліктер қатарында көбінесе двигатель қуаты көп, іші былғары, ағаш секілді табиғи материалдармен қапталған, техниканың соңғы жаңалықтары сай жабдықталған көліктер жатады. Бұл көліктердің бағасы кем дегенде 850 миллион теңгеден басталып, ең қымбат көліктің бағасы 3 604 959 000 теңгені құрайды екен. Қымбат көліктер қатарында Мерседес Бенц, Бугатти, Феррари Роллс - Ройс, МакЛарен секілді маркалы көліктер бар екен.

4,7(48 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Менің досымның асыл қасиеті

Менің досымның есімі - Айсана. Екеуміз балабақшадан доспыз.

"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.

Менің досым - оқу озаты, мектепте үлгілі оқушы. Сыныптастарға, достарға көмекке келіп, қол ұшын беруге әрқашанда дайын тұрады. Досымның бойындағы асыл қасиеттерге келер болсақ, мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжісе, қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.

Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.

Өмірде осындай досым бар мен бақыттымын. Достығымыз мәңгілік болсын!

4,8(6 оценок)
Ответ:
misspsix123
misspsix123
27.10.2020

Менің досымның асыл қасиеті

Менің ең жақын досымның есімі Айман. Біздің достығымызға биыл 10 жыл. Осы уақыт ішінде екеуіміз бір ананың баласындай, апалы - сіңлідей болып кеттік. Айманның бойында маған оның сыпайылығы мен қайырымдылығы ұнайды. Менің ойымша, қайырымдылық - ең жоғарғы адами қасиет. Айман әрқашанда көмек керек адамның жанынан табылып, қол ұшын соза біледі. Жүрегі кең, пейілі таза жан. Қайырымдылығы мен сыпайылығы бірге жүретін жан досым өзгелердің арасында сыйлы,  беделі бар. Мен осындай досымды мақтан етемін. Достығымыз ары қарай жалғасып, жылдар өте тек берік болып, нығая түссін!

4,8(65 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ