М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
КлешВова
КлешВова
11.08.2021 15:23 •  Қазақ тiлi

Адам бойындағы асыл қасиет. Эссе жазу керек. ​

👇
Ответ:
timev01
timev01
11.08.2021

Адам бойындағы асыл қасиеттер: Адамға қойылатын басты талап адамгершілік. Ол адам бойындағы ең асыл қасиет және а ң ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, адам өз - өзін сыйламайды. "Адам бойында жақсы қасиеттер кеп болса, оған бақ та, бақытта қонады" деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.

4,7(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
TopThan
TopThan
11.08.2021
Жіңішке сымға тартқан әні қандай. ған тәні қандай. ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, толықсып толып тұрған сәні қандай. еріткен іші-бауырыңды көзі қандай, тамған майда бұлбұл сөзі қандай. жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, жайтаңдап жан күйдірген көзі қандай! күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, қайнамас оны көріп кімнің іші? алмас қылыш жүзіндей аударылған, сүйгізіп көлеңкесі әрбір ісі. нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып, бойының мінсіздігі онан асып. өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді, ең арты жүрсе-дағы аяқ басып. толған ай шілдедегі жалт-жұлт еткен, мүбәда көрген кісі қиыр шеттен. көлеңкесі күйдіріп күні-түні, есінен екі-үш айда әрең кеткен. талайы ң болған ғашық, уай шіркін! болсайшы деп бізге нәсіп. егерде қамарменен тіл қағысса, құдай ұрып жым болар қара басып. омар да қоя берді бетін қақпай, жүрсе де сонысынан жұртқа жақпай. әркімдер құдалықты ойланса да, қамар қыз қайдан көнсін теңін таппай. қамар осындай сәулетпен бұлғақтап болып тұрған кезінде құдай берген дәулеттің арқасында абырой, атақ бірдей келіп толықсып тұрған кезінде: сұлу қамар, ақын қамар, жаным қамар, қамаржан, сені ойласам, ішім жанар. үлбіреген аузыңнан бір сүйгізсең, ішкендей кәусар суын мейірім қ дегендей өлеңдер сол маңайдағы ң аузынан екі елі тастамайтын тәсбиғы еді. және бір нәрсені көңілдері ұнатып, мақтағысы келсе: "уай, шіркін! мынау қамардай екен! " десуші еді. кей уақыт қамардың көзіне жазатайым көздері түсіп кеткендері де әлдеқандай көтеріліп, қуанып қалушы еді. қамар біреуінен әншейін бір істің жөнін сұраса да: "қамар маған сүйдеді, бүйдеді" деп, неше күндей әркімге бір әйгілетіп, даурығуға со да жетуші еді. қамар осылай әркімнің көзіне күйік болған қалпымен күннен-күнге құлпырып, он бес жасына жетті. бұл кездері баяғы теңмін деп құмартып, құлқынын құртып жүретін замандастарынан жоғары секілді телміріп жазған өлеңдер, хаттар судай ағылып келсе де, кейбіреулерін жауапсыз жыртып, кейбіреулерін өзінің шешендігімен жебедей жерге енгізіп, енді қайтып бас көтеруге жаратпай тастай беруші еді. сол кезде аса жақын болмаса да, омарларға үш-төрт атадан барып қосылатын сарбас деген ауылда жәуке деген кісінің оқу соңында жүрген жиырма бір жаста ахмет есімді бір жақсы зерек бар еді. жәуке өзі нашар кісі болса да, бар тапқан-таянғанын жалғыз ахметтің оқуына салып, жасынан олай сүйреп, былай сүйреп жүріп, әйтеуір молда атына іліктіріп еді. бертін келген кездерде жәукенің ол бейнеті босқа кетпей, ахметтің арқасында аузы асқа, ауы атқа тиіп, есіктегі басы төрге жетті. аса байып кете қоймаса да, өзіне-өзі тоқ, жақсы ғана дөңгелек ауқат та бітті. бұл сарбас ауылы осы омекеңдермен ыңғайлас, жазғы, қысқы қоныстары бір, аралас-құралас еді. ахметпен омардың үлкен - қасен құрдас һәм жасынан бірге өсіп, бірге оқып, біте қайнаған сырлас еді. бірінсіз бірі тыншып тұрмас еді. мұсылманша оқуды екеуі сабақтас болып оқып рушді сыныфтарын* бітіріп, онан соң ауылнай школда оқып тәмамдаған соң қасенді әкесі гимназияға енгізіп, ахмет қолының қысқалығынан онан артық ұзай алмай қалғандығына бірсыпыра жыл болып еді. ахмет онан соң да тағы талпынып оқып, иғдади сыныфтарын** бітірді. бертін уақыттарда үлгілі жерлерді аралап, тәртіп, дүние танығысы келсе де, қартайған әкесін қимай, өзі жалғыз болған соң қайтерін білмей қарайлап жүрген жайы бар еді.
4,8(67 оценок)
Ответ:
Fakla
Fakla
11.08.2021

Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ.
Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Көп жылдан бері қыры мен сырын білетін, өмірдің талай сынында жаныңа серік болып, үнемі қасыңнан табылатын дос туысқаныңдай болып жүрегіңнен берік орын алады екен. Халық даналығында «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған.

Достық - адамдардың бір-біріне адал, өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қайшылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос - жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі заңды. Мысалы, біреуінде қызбалық, екіншісінде, тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз дос осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.

4,7(28 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ