М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Resh4tor1337
Resh4tor1337
09.05.2022 18:40 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі негізгі ойды табыңдар урайлы көлін қоршаған қалың егінші, түнде жауын болғандықтан жердің дегдуін күтіп,бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан.Біреу өгіз,біреу ат, біреу түйе, қайсыбіреу аралас жегіп,қым-қиғашқимылдаған жұртты Олжабек пен Жамал көріп келеді.Ертемен ауылдан шыққан айқай-ұйқай дауыстарды да құлақтары анық естіді:

--Әй,егеуді қалдырма,егеуді!

--Аналар барып жырта бастады...

--Мәулікейді оятыңдар,Мәулікейді!

Егіс басталғалы бірқатар күндер өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған жоқ. Көз алмай ұарап келе жатқан Олжабек қабығын бір шытып күбір етті:

--Жұмыстарында өнім жоқ.

Өгіз бен сиырды аралас жеккен бір бөлек егінші қара жолды жиектей соқасын жаңа ғана салған екен. Олжабектер келіп солардың қасына тоқтады. Олжабек көзі көліктерде.

--Ана сиыр бұзау бере ме,енді!Обал-ай...деген ойда тұрғанда:

--О,жігітім, жол болсын,-деді егіншілердің ішіндегі сақалды біреуі.

Жасы үлкен адамға сәлем бермегені есіне түсіп,Олжабек:

--Ассалаумәлейкүм,- дегенде, түйенің үстінде отырған Жамал мырс етті. Егінші де күліп жіберді.

--Е,бәсе, жасын кіші көрінеді ғой , шырағым,-деді де сорайған мойнын соза түсіп Жамалға:-Есенбісің,балам.Ал, жөніңді білдір.

Танымадық,-деді Олжабекке.

Олжабек жөнін жөнді айтпады.Сұрастыра келе шалдың кім екенін өзі жақсы біліп алды. Оған кездескен осы елдегі «Пышақшы Мешел» дейтін адам еді,білгенінше жай-жапсардың бәрін айтты. Олжабек сұрай берді...

--Отағасы, сонымен колхоз егінін салып жатырмыз де.

--Иә, шырағым,әйтеуір қауым болып кіріскен іс қой,тәңірі тек оңын берсін.

--Осы маңдағы елдің бәріде колхоз болды ма?

--Колхозсыз жер бар дейсіз бе?

--Кім қалпында отыр дейсіз.

--Бәсе,ел елдің бәрі-ақ осыған келді деседі ғой.

--Дегенмен, «Ортақ өгізден,оңаша бұзау» жақсы да.

--Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман бір ме?Заманына қарай амалы да бар емес пе

👇
Открыть все ответы
Ответ:
t0l1k
t0l1k
09.05.2022

1.Мәңгілік ел идеясының тарихы қанша негізден тұрады? (3 негізден)

2.Оларды ата? (1-түркі жазба ескерткіштеріндегі-<мәңгілік ел> идеясы, 2-Әл-Фарабидың <қайырымды қала тұрғындары> шығармасы, 3-Жүсіп Баласағұнның <құтты білік> дастаны)

3.Жүсіп Баласағұн дастанындағы басты кейіпкер-Күлтегінді түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы ретінде көрсетеді-деп кім жазды? (Д. Қаумен)

4.Тоныкөк ескерткішінде не жайлы айтылады? (мемлекет тұрақты болу үшін қаған мен ақылгөй дананың ауызбіршілігі, ел бірлігі үшін ынтымақ керек деп айтылады.

4,7(74 оценок)
Ответ:
lipovtsev2016
lipovtsev2016
09.05.2022
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.

«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
4,5(96 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ