-Сәлем Айша! -Салеметсің бе Ануар! -Сен ақпараттық технология жайында не білесің? -Ақпараттық технология дегеніміз қазіргі кездегі технология ғой!Оған мына сен ұстап отырған смартфон,компьютер,теледидар және тағы басқалары жатады. -Ал не үшін оларды ақпараттық технология деп атайды? -Себебі олар жер жұзіне ақпарат таратып,жаңалық жариялайды. -Сенің ойыңша олар пайдалы ма? -Әрине пайдасы зор.Бірақ зияны да бар.Ақпараттық құрылғыларды өз уақытымен қолдану қажет. -Құрылғылардың қызметі тек жаңалық па? -Жоқ әрине.Олар жаңалықтарды ғана емес түрлі қызықты мағлұматтар мен ойындар,түрлі әлеуметтік желілерге толы. -Саған рахмет. -Оқасы жоқ саған әрдайым көмек көрсетемін. -Сау бол! -Кедескенше!
Атау септік: ара, тал, балық, көрпе, домбыра.
Ілік септік: араның, талдың, балықтың, көрпенің, домбыраның.
Барыс септік: араға, талға, балыққа, көрпеге, домбыраға.
Табыс септік: араны, талды, балықты, көрпені, домбыраны.
Жатыс септік: арада, талда, балықта, көрпеде, домбырада.
Шығыс септік: арадан, талдан, балықтан, көрпеден, домбырадан.
Көмектес септік: арамен, талмен, балықпен, көрпемен, домбырамен.
Атау септік сұрағы - кім? не?
Ілік септік сұрағы - кімнің? ненің?
Барыс септік сұрағы - кімге? неге?
Табыс септік сұрағы - кімді? нені?
Жатыс септік сұрағы - кімде? неде?
Шығыс септік сұрағы - кімнен? неден?
Көмектес септік сұрағы - кіммен? немен?
~В КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ СЕМЬ ПАДЕЖЕЙ