М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Просто01111111
Просто01111111
07.10.2020 14:01 •  Қазақ тiлi

Ахмет байтұрсынов туралы әңгіме ​

👇
Ответ:
leno4ka48
leno4ka48
07.10.2020

Ахмет Байтұрсынұлы - мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Ол 1873 ж. он бесінші қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. 1895 ж. Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. 1905 ж. жазылған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі болды. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Ахмет Байтұрсынов 1909 ж. бірінші шілде күні губернатор бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Көп кешікпей Ішкі істер министрлігінің Ерекше Кеңесі оны қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Ахмет Байтұрсынов Орынборға 1910 ж. наурыздың тоғызында келіп 1917 жылдың соңына дейін тұрды. Осы қалада 1913 - 18 ж. өзінің ең жақын сенімді достары Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовпен бірігіп және қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Қазақ елінің азаттық қозғалысы тарихында Байтұрсынов редакторлық жасаған «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. Байтұрсынов 1917 ж.революциядан кейін өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған алаш қозғалысына тікелей араласып, «Қазақ» газеті арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды және Екінші жалпықазақ съезінде Оқу-ағарту комиссиясы төрағасы болып сайланды. 1919 ж. наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге барды. Сол жылы сәуірде Байтұрсыновтың ықпалымен Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. 1920 ж. қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. 1920 - 21 ж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 ж. Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922 - 25 ж. Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынов түрлі қызметке ат салыса жүріп, 1921 - 25 ж. Орынбордағы, 1926 - 28 ж.Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 ж. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 ж. екінші маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге тұтқынға алынып, Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. 1930 ж. төртінші сәуірде ату жазасына кесілді. Бұл шешім 1931 ж. қаңтарда он жылға концлагерге ауыстырылды. 1934 ж. Максим Горькийдің жұбайы Елена Пешкованың көмегімен Байтұрсынов мерзімінен бұрын босатылып, отбасымен Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарды. 1937 ж. сегізінші қазанда тағы да қамауға алынып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды; Ахмет Байтұрсынов Алматы қаласында 1938 ж. сегізінші желтоқсанда қаза тапты.

Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы - «Қырық мысал» 1909 ж. жарық көрді. Қазақ әдебиетінде Абайдан басталған жаңа арна - мысал жанры Байтұрсыновтың «Қырық мысалымен» орнығып, ұлттық сипат алды. Оның мысалдары әлеуметтік-қоғамдық жағдайды меңзейтін оқиғалардың, адамдар психологиясынан хабардар ететін ғибратты тұжырымдардың молдығымен ерекшеленеді.

Ол 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ жастарының рухани көсемі болды. Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы - әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі.

Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеу еңбегі әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Сондай-ақ ол - әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым.Байтұрсынов ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. Байтұрсынов - әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді.

.

4,5(47 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
snezhanakosola
snezhanakosola
07.10.2020
Сүт – барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Двитаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едеуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбумин
нен (0,4 %) және лактог
лобулиннен (0,1%) тұ-рады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұз- дары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астамфермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.
4,4(51 оценок)
Ответ:
KriStiNaTim03
KriStiNaTim03
07.10.2020
Cүт – күрделі құрамды биологиялық, организмге 95 – 98 % — ақ түсті және өзіне тән тәтті жағымды дәмді сұйықтық.    Сүт адам тамақтануында маңызды орын алады, себебі оның құрамында амин қышқылдары, макро және микроэлементтер, витаминдер, ферменттер және т.б. бар. Бұл заттар адам организміне жеңіл сіңеді. Белоктар ерекше құнды, себебі олар биологиялық толық құнды . Сүттің құрамында майда диаметрлері 4 – 5 мкм түйіршіктері бар. Сүт майы – глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирі. Сүт майларының балқу температурасы төмен (27 — 34°С ), сондықтан организмге жеңіл сіңеді. Майдан басқа май тектес (фосфотидтер, стериндер) бар. Бұлар күрделі органикалық қосылыстар, жылу мен қышқылданудың әсерінен тез бұзылады.Сүт – ұзақ мерзім бойы организм тіршілігі мен дамуын тұрақтандыру үшін қажетті барлық заттардан тұратын жоғары құнды және натуралды өнім.Сүт – тамақтану рационының құрамдас бөліктерінің қатынасын жақсартып, сіңімділігін арттырады. Оның құрамында адам организміне қажетті құнды заттар (белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер) жеңіл қорытылатын түрде болады, сонымен қатар, сүттегі құнды заттардың қатынасы теңестірілген, яғни, оның организмде қажеттіліктерді қанағаттандыруы оңтайлы.Сүт – массалы және күнделікті тұтынуда ең қажетті өнім. Сүттің тағамдық құндылығы ең алдымен, оның балалар тамақтануындағы мәнімен сипатталады. Емшектегі бала үшін сүт қалыпты өсу мен дамуды қамтамасыз ететін негізгі тамақ көзі. Сүтте өсіп жатқан организмнің алғашқы периодында қажетті барлық құрамдас бөліктерден тұрады. Сүт және сүт өнімдерінің сіңімділігі 95 – 98 % дейін ауытқиды. Сүтте аминқышқылдық құрамы бойынша толық құнды белоктардан, емдәмдік және биологиялық маңызды қасиеті бар сүт майынан тұрады. Сүт – маңызды минералды заттар, микроэлементтер мен витаминдердің көзі.
4,8(23 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ