М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
hramkova1983
hramkova1983
18.10.2020 15:04 •  Қазақ тiлi

Жұп болып тақырып бойынша сөзжұмбақ құрандар​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
ученик445643
ученик445643
18.10.2020

Достық, жолдастық-адам өмірінде келелі орын алатын, бір адамның екінші бір адаммен байланысы.  Достық-сан қырлы қасиет, ұлы сезім, сондықтан оны бір-екі ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл сезім адамдардың бірін-бірі құрметтеуінен, медет бола білуінен, шынайы тілектес болуынан, өзіңдей көріп кетуінен көрінеді. Достар арасында басқалар түсіне бермейтін, ұға бермейтін жасырын сыр, құпия сақталады, олар жан дүниесі, ой өрісі, әлеуметтік көзқарасы жағынан егіз болады.

  Ата-бабамыздан келе жатқан қатаң қағида, рухани өсиет-достыққа адалдық. Достыққа адалдық туралы талай жантебірентерлік әңгіме-аңыздар, өлеңдер қаншама десеңізші! Осындай жүректен шыққан туындылармен қоректенген қазақ елінің  достыққа деген көзқарасы мен түсінігі ерекше екенін атап өткім келеді. «Сен досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып берейін»,-деген екен. Яғни, жолдасы жақсы адамды жақсы деп топшылай беруімізге толық негіз бар.

Объяснение:

4,6(61 оценок)
Ответ:
EpsilonDelta
EpsilonDelta
18.10.2020

Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлық, әрі жерінің басым бөлігі төменгі ендіктерде орналасқандықтан күн сәулесін де мол алады. Оңтүстік Америка 6 климаттық белдеу деңгейінде орналасқан. Климаттағы өзгерістер әсіресе жауын-шашынның маусымдылығына тікелей тәуелді. Сол себепті құрлық үстінде қысым жыл бойы көршілес мұхит айдындарынан төмен болады да, ауа массалары оның ішінде экваторлық және муссонды-пассаттық циркуляция басым түрде құрлыққа қарай бағытталған. Оңтүстік Американың орографиялық ерекшелігі, яғни батыстағы Анд тау жүйесі құрлықта меридиан бағытында ауа қозғалысының қалыптасуына әсер етеді. Атлант мұхитына қарай жазық жер бедері басым болғандықтан мұхиттың климатқа әсер ету дәрежесі күшейеді. Қаңтар айында құрлықтың басым бөлігі қатты қызады. Ең қатты ыситын жер – Гран-Чако жазығы, ондағы абстракциялық максимум температура 49°С. Суық Перу ағысы шайып өтетін құрлықтың батыс жағалаулық бөлігі шығыспен салыстырғанда әлдеқайда салқын әрі құрғақ болады, бұл Атакама шөлінің қалыптасуына себепші болды. Жауын-шашынның мөлшері мен оның таралуы құрлық бойынша біркелкі емес. Ылғалдың ең көп түсетін жері Колумбияның батысы мен Чилидің оңтүстігі (5000 – 8000 мм), Амазонияның батысы мен оған жалғас жатқан Анд етегі, Гвиана таулы үстіртінің батысы, Бразилия таулы үстіртінің шығыс беткейінде 2000 – 3000 мм және одан да мол, ал құрлықтың қалған бөліктері 1000 – 2000 мм-ге дейін ылғал алады.

Объяснение:

4,8(22 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ