Наурыз - қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан мейрам. Кеңес өкіметі кертартпа рәсімдер деп үзілді-кесілді тиым салғанымен де қазақ ұлты біртегіс қоныстанған ауылдарда, қыстақтарда, дәстүр-салтқа ден қойған жанұяларда бұл мереке аталып отырды. Мәселен, менің жастық шағым өткен қазіргі Оңтүстік Қазақстан обылысындағы Сайрам ауданы Жұлдыз колхозын айтуыма болады. Бұл күні ауыл Наурыз мейрамына ерекше дайындалатын. Аналарымыз бен жеңгелеріміз таң қылаң бере оянып, бауырсақ пісіріп, наурыз көже дайындайтын. Ауылдың үлкен-кіші азаматтары бас қосып, кетпен-күректерін алып, жол жиегіндегі арықтарды тазалайтын, ағаш отырғызатын. Ең бастысы, бұл күні бұрын ренжісіп жүрген жандар болса, бір-біріне өкпесін кешіріп, қол алысып, құшақтасып, мәмілеге келетін. Наурыз мерекесінің ерекшелігі де осында жатса керек. Сол тұста ел арасында былай жырланатын: Ұлыс күні кәрі -жас құшақтасып көріскен, Жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өбіскен, Шалдар бата беріскен, Құдіреті күшті құдайым, айнытпа деп жөн істен. Менің нағашым: Наурыз -мейірім айнасы. Әр адам Наурыз күні ерекше кешірімді болуы керек, -деп айтатын.
1- тапсырма
1. Радио - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу.
2. Жоқ
3. Менің ойымша қазіргі кезде радио керек емес. Себебі казыр интернет дамып кеткен. Радиода айтылатын хабарларды, әндерді быз ұялы телефоннан есіте аламыз. т.б
4. Ия. Себебы сены шабыттандырады.
5. Ол қазіргі кезедгы телефондар, компьютерлер және т.б
6. Қазақ радиосы. ТРТ радиосы. Шалқар радиосы.
2- тапсырманы былмейм.
4- тапсырма
1.Радионың баска ақпараттардан артықшылығы одан өзіңе керек нәрсені іздеп таба алмайсың.
2.3. Алғашқы радионы 1901 жылы Guglielmo Marconi жасаған.
4. Жоқ. оған хат интертен яғни телефон және т.б. жатады