Хоккей ойыны туралы.
Хоккей – арнайы шыбық (клюшка) пен шайбамен немесе доппен ойнайтын спорт түрі. Яғни шайбалы хоккей және допты хоккей болып екіге бөлінеді.
Алғаш рет хоккейге ұқсас ойын түрін Голландияда ойлап тапқан екен. Ал қазіргі кезде бүкіл әлемде ойналатын спорт түрі Канадада пайда болған. Ойынның мақсаты - шайбаны (допты) қарсыластың қақпасына кіргізу. Ойын жиырма минуттық үш кезеңнен тұрады. Егер үш кезек бойы жеңімпазды анықтай алмаса, онда овертайм ойнатылады. Овертаймда да жеңімпазды анықтау мүмкін болмаса, онда буллиттер сериясы жарияланады.
Заңгер мамандығы туралы.
Елімізде заңгер мамандығы соңғы 10 – 15 жылда аса үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұл мамандық иелері мемлекеттік мекемелерде, заң органдарында, түрлі ұйымдарда, шағын фирмаларда, кәсіпорындарда, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда ауадай қажет.
Әрине, соңғы уақытта бұл мамандыққа түсуші талапкер саны артып отырғанмен, жақсы маман қашанда жұмыс таба алады деп есептеймін.
Әр мамандықтың өз қыр – сыры болатыны бәрімізге мәлім. Жалпы, заңгерлер әділетсіздікке жол бермей, заңсыздықтардың алдын алып, қоғамда туындаған түрлі мәселелерді заң тұрғысынан шешуге көмек береді. Мысалы, күнделікті заңгерлер заңсыз жұмыстан шығарылңан жұмыскерлерге, әділетсіздіктің құрбаны болған адамдар мен қаншама жәбірленушілерге қол ұшын береді. Қоғам өмірінің қай саласы болмасын заңгер мамандығы ауадай қажет білімді мемлекеттік басқарудың әр аясында, ғылымда, экономикада, мәдениетте, спортта және журналистика саласында. Қазіргі заман ағымына сай әрбір азамат өзінің құқығын білуге тырысады. Ал жоғары білікті заңгер – кәсіби қызметте әр уақытта қажет. Заңгер мамандығын тәмамдаған шынайы білікті мамандар жоғары интеллектуалды әрі ұйымдастырушылық қабілетке ие болады. Болашақта заңгер болсам деп армандаймын.