Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - 1899жылы, Павлодар обл. Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол кісі Имантай бидің отбасында дүние есігін ашты.
“ Жеріміздің үсті де, асты да бай.
Менің геолог ретінде борышым-жер
Астындағы қазбаны зерттеп табу, оның қорын анықтау. Ал ғалым ретіндегі міндетім- кен байлықтарын халықтың игілігіне жарату.” деп Қаныш Сәтбаев алғаш академик болған кезінде айтқан.
Қазақ өнерінде музыкалық аспаптармен өнер көрсетіп жүрген өнерпаз.
Қазақ өнерінде музыкалық аспаптармен өнер көрсетіп жүрген өнерпаздар аз емес. Бірақ солардың ішінде өнерімен, қазақи тәрбиесімен, әдемі даусымен көрерменнің ықыласына бөленіп, тыңдаушының жүрегіне жол таба білген ақ жарқын бірегей әнші Қарақат Әбілдина ерекшеленеді.
Әбілдина Қарақат - қазақ дәстүрлі әнін насихаттаушы, халық және эстрада әндерін орындаушы. Нартай Бекежанов мұрасын насихаттаушы және орындаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қарақат Әбілдина он саусағынан да бал тамған, бес аспап өнерпаз деуге де болады. Себебі ол домбырада шебер ойнаумен қатар, жетіген аспабын да бес саусақтай меңгерген, дәстүрлі әндермен қатар эстрадалық әндерді нақышына келтіріп орындайды.