М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mrloller
mrloller
03.11.2022 07:37 •  Қазақ тiлi

с казахский языком Заранее Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.
А) Сөз таптарын. В) Тіл дыбыстарының жүйесін. С) Сөз тіркесінің байланысу тәсілін.
Д) Сөз құрамын. Е) Сөз мағыналарын.
2. А, О, Ұ, Ы қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.
А) Езулік. В) Қысаң. С) Еріндік. Д) Жуан. Е) Ашық.
3. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ы,И,Ү,У... В) О,У,Е,І... С) Ә,І,Е,Ө... Д) Ә,А,О,Ү... Е) И,Е,А,Ө...
4. Жуан дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз:
А) ә, и. В) ү, і. С) а, о. Д) ө, ә. Е) у, і.
5. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) ы В) ү С) ұ Д) о Е) у
6. Жуан дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.
А) Е, і, о. В) И, ө, ы. С) Ұ, о, а. Д) Я, ә, е. Е) Ү, е, у.
7. «О» қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Жуан. В) Қысаң. С) Езулік. Д) Дауыссыз. Е) Жіңішке.
8. Жуан әрі еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) е, а В) ә, а С) о, ұ Д) и, ө Е) ү, і
9. Езулік дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.
А) 8. В) 6. С) 10. Д) 7. Е) 12.
10. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Кету. В) Жүру. С) Жету. Д) Секіру. Е) Қайту.
11. Қысаң дауыстылар қатарын толықтырыңыз: Ы, і, у, ү, ұ, ...
А) А. В) И. С) О. Д) Ә. Е) Е.
12. «Ұ» дыбысына талдау жасаңыз.
А)Жіңішке дауысты. В) Ұяң дауыссыз. С) Үнді дауыссыз. Д) Жуан дауысты. Е) Қатаң дауыссыз.
13. Тек жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді табыңыз.
А) Арбакеш. В) Өнерпаз. С) Екілік. Д) Аққу. Е) Биыл.
14. Қазақтың төл сөздерінде сөз соңында келмейтін дыбысты белгілеңіз.
А) А. В) І. С) О. Д) Е. Е) Ы.
15. «а» дыбысы жақтың ашылуына қарай қай дауыстыға жататынын белгілеңіз.
А) Қысаң. В) Ашық . С) Еріндік. Д) Жуан. Е) Жіңішке.
16. Бірыңғай қысаң дауыстыдан болған сөзді көрсетіңіз.
А) Іні. В) Немере. С) Ана. Д) Бала. Е) Шөпшек.
17. Бірыңғай езулік жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз.
А) Жоңышқа. В) Еріншек. С) Мүсәпір. Д) Бүлдіршін. Е) Бүлдірген.
18. «У» дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз.
А) Жауласу. В) Таулық . С) Қауышу. Д) Татуласу. Е) Баулық .
19. Қысаң дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.
А) 7. В) 10. С) 4. Д) 6. Е) 8.
20. Тек қана жіңішке дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.
А) Оқушы. В) Сынақ . С) Кітап. Д) Күнтізбе. Е) Сынып.
21.Бірыңғай қысаң дауысты сөзді көрсетіңіз.
А) Баста. В) Қонақ . С) Іңір. Д) Тағалы. Е) Қаза.
22. Қысаң, езулік дыбысты көрсетіңіз.
А) и. В) у. С) ө. Д) а. Е) о.
23. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар екенін белгілеңіз.
А) 13. В) 16. С) 15. Д) 42. Е) 20.
24. Бірыңғай еріндік дыбысты сөзді ажыратыңыз.
А) Метр. В) Әңгіме. С) Көну. Д) Білімді. Е) Жеміс.
25. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі ашық , әрі еріндік болатынын белгілеңіз.
А) и. В) у. С) а. Д) о. Е) ы.

👇
Ответ:
соыварщ
соыварщ
03.11.2022

1 В

2 А

3 С

4 С

5 В

6 С

7 А

8 С

9 Д

10 Е

11 В

12 Д

13 Д

14 С

15 В

16 А

17 В

18 Д

19 Д

20 Д

21 С

22 А

23 С

24 С

25 В

4,8(11 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Poli2533
Poli2533
03.11.2022

ответ: Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.

Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөзді тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.

Қазіргі кезде аурулардың атауларын білемін. Мысалы: Миненгит ( Бастағы ісік ауруы), гепатит (сары ауру), туберкулез (өкпедегі құрт ауруы) т. б ауруларды білемін.

Біздің елімізде аталған аурулар көбеюде. Дегенмен бұларға қарсы вакциналарда бар. Мен Маңғыстау облысында тұрамын. Біздің экологиялық жағдайымызға байланысты жастар арасында ісік ауруы орын алуда. Дәрігер адам өмірімен жұмыс жасайтын болғандықтан қателесуге болмайды. Әр бір науқасқа диагноз қою біліктілікті талап етеді. Сондықтан да менің ойымша медицина саласында оқудың өзі 9 жылды талап етеді.

Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан соң өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы керек.

Қазіргі кезде ауруларды емдейтін заманауи аппараттар шықты. Ғалымдар зерттеп, әлі күнге дейін ол ауруды емдей алмаған адамдар өте көп. Мен сол ауруды өзімнің еңбекқорлығыммен, ізденісіммен, өз күшіммен сол ауруды емдегім келеді. Халықты мұндай азаптан құтқарғым келеді. Дәрігерлердің мойнына үлкен жүк артылады. Соған қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдаймын. Мен өзімнің аңсаған арманыма жетуге тырысамын және қалайда жетемін!...

Міне, мен болашақта осындай дәрігер мамандығының иесі боламын!

Объяснение: проверено

4,5(57 оценок)
Ответ:
Fedot4ik
Fedot4ik
03.11.2022

Белгілі бір жағдайдағы заттың ерігіштігінің сипаттамасы ретінде оның қаныққан ерітіндідегі концентрациясы алынады. Сондықтан ерітіндінің құрамын қалай сипаттаса, ерігіштікті де сан жағынан солай сипаттайды. Мысалы, заттың белгілі бір температурада белгілі бір еріткіштегі ерігіштігін оның қаныққан ерітіндісіндегі еріген заттың массалық үлесімен не оның молярлық концентрациясымен (моль/л) сипаттауға болады. Ерігішті көбінесе, еріткіштің 100 массалық бірлігінде қаныққан ерітінді түзілгенше еритін еріген заттың масса бірлігімен көрсетеді. Оны кейде ерігіштік коэффициенті деп те атайды. Заттардың судағы ерігіштегі әр түрлі. Егер 100 г суда еритін заттың массасы 10 г-нан асса — жақсы еритін, 1 г-нан кем болса — нашар еритін, 0,01 г-нан аз болса — іс жүзінде ерімейтін зат деп есептеледі. Заттардың Ерігіштігін алдын ала болжауға мүмкіндік беретін теориялар әзірге жасалған жоқ. Дегенмен химиктер кейбір заңдылықтарды байқады. Мысалы, молекулалары полюсті немесе иондық байланыспен байланысқан заттар (су, спирт, сұйық аммиак) полюсті еріткіштерде жақсы еритіндігі, ал молекулалары полюссіз заттар (бензол, күкіртті көміртек) полюссіз еріткіштерде еритіндігі анықталды. “Ұқсас заттар бір-бірінде жақсы ериді” деген ескі қағида осы заңдылықты тұжырымдайды.

4,6(23 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ