АЙТЫЛЫМ. ЖАЗЫЛЫМ
-тапсырма. Қанатты сөздерді жаз. Осы сөздердің біреуін тақырып ретін-
де алып, ой бөлісіңдер.
Біздің баға жетпес байлығымыз – бабалардан өсиет боп қалған
Халқымызға қасиет боп қонған береке-бірлігіміз,
• Кунды қазынамыз – тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыз,
Ынтымақ кеткен жерден ырыс, бірлік кеткен жерден береке кетеді.
• Бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын заман.
- Отанды қорғау – алдымен әкеңді, балаңды, анаңды қорғау. Соларды
қорғау – Отанды қорғау.
- Болашақ, білімді жастардың қолында,
• Тек кітап қана алға жылжуды, адамдың шыңына шығуды үйретеді.
Ойбеліске қойылатын талаптар:
- тақырыптан ауытқымау;
- регламент сақтау ;
- сөз әдебін сақтау ;
- тіл сауаттылығы ;
- Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздерін қолдану ;
- өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі жеткізу ;
Сатып алушы:Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, мен өзіме киім таңдап тұр едім. Көрсетіп жіберіңізші, қайсысын алайын?
Сатушы: Әрине, сізге нешінші размер керек еді?
Сатып алушы: Маған осындай киім керек, бірақ ұзындығы жағынан қысқалау сияқты.
Сатушы: Онда мынаны киіп көріңіз. Меніңше, сізге осы киім шақ болар.
Сатып алушы: Иығы тар сияқты, ал мына киімнің тігісі ұнады.
Сатушы: Таңдауыңыз керемет, сізге жарасып тұр.
Сатып алушы: Бұл киімнің бағасы қанша тұрады?
Сатушы: 5500 теңге тұрады. Ақшасын кассаға төлеңіз.