Ақынның 1879 жылы жазылған «Жастарға» өлеңінің тақырыбы – Абай көтерген білім алу, азамат болу идеясы. Ол қазақы қоғамда парасатты, білімді, әрі ойшыл жан деп Абайды таниды. Ақын Абайдың биік рухын, асқақ арман-мақсаттарын, даналық тұлғасын жан-жақты ашып, жастарға үлгі ретінде көрсетеді.Ақынның «Дүние мен өмір» өлеңі 1885 жылы жазылып, 1912 жылы Семей қаласында «Жәрдем» ба жарық көрген «Қалқаман-Мамыр» жинағының соңғы жағында жарияланған. Шығарманың түпкі түйіні «өзіңе өзің сыншы бол» деген қағиданы арқау еткен. Әрбір қиын іске «қу дүние, сұм дүние» деп өмірді, тағдырды жазғырмай, әр адам өзіне сын көзбен қарасын деген ғибрат айтады.«Ақындарға» атты арнауы ақындыққа, сөз өнеріне қатысты ой-түйіндерінен туындаған. «Тазартып жүрек кірін жуып жатсын» деп, ақындарға қара өлеңнің үлгісімен тыңдаған жанның көңілін ұйытып, көкірегін оятатын, рухани сусын боларлық, жүрек кірін тазартатындай есті өлең жазыңдар деп аманат қылады.Ал Абай үлгісімен 1879 жылы жазған «Кәрілік туралы» өлеңінде ақын жастық пен кәрілікті салыстыра сипаттай отырып, жас шағыңда ізден, талаптан, қайратың қайтып, кәрілік жеткен кезде ештеңеге қайраның болмайды деген түйінді ойды жеткізеді.
- Сәлем, Маша! - Сәлем, Света! - Сенің жағдайың қалай? - Ия, бәрі жақсы, міне келешек мамандығым туралы ойланып отырмын. - Қызық екен. Келешекте қандай мамандықты таңдап отырсың? - Мен дәрігерлік оқуға түскім келеді. - Сені бұл мамандық несімен қызықтырды? - Маған адамдарға көмектескен ұнайдығ мен дәрілермен маңызды қағаздармен жұмыс істегенді ұнатамын. - Ал сен жауапкершіліктен қорықпайсың ба? Бұл өте маңызды мамандық, сенің жұмысың адамдардың өмірімен байланысты болады. - Жоқ, мен жақсы дәрігер болсам маған өмірлерін және денсаулығын қорықпай тапсыратын болады. - Жарайды, жетістіктер тілеймін. - Әзірге .
Менің мектебім. Менің атым Аида. Мен екінші сыныпта оқимын. Менің мектебім өте үлкен және екі қабатты. Мектеп жаңа, әдемі, жылы. Мектептің бірінші қабатында акт залы, асхана, спорт залы, кітапхана және шағын орталық орналасқан. Екінші қабатта оқу сыныптары бар. Менің сынып жетекшім Шелудько Татьяна Алексеевна. Ол бізге сабақты қызықты береді. Сабақта біз оқимыз, жазамыз, сурет саламыз, ребустарды шешеміз. Ал, қазақ тілін Жумакаева Сауле Ертаевна береді. Маған қазақ тілі сабағы өте ұнайды. Мұғалім бізбен қазақша сөйлеседі. өлеңдерді жаттаймыз. Жиі қазақ ойын ойнаймыз. Мен «Алтын сандық» ойынын ұнатамын. Мектепте көптеген мерекелер өтеді. Біз би билейміз, үн саламыз. Мен өз мектебімді жақсы көремін.