Өтірік айтуға бола ма?
"Өтіріктің құйрығы бір тұтам" дегендей, менің ойымша, өтірік айтпаған абзал. Себебі ерте ме, кеш пе өтірік ашылып, ақырында адамдардың өзіңе деген сенімін жоғалтасын. Қандай болмасын шындықты айтқан дұрыс.
Қазақ халқының мақал - мәтелдерінде өтірік тақырыбына өте көп көңіл бөлінген. Сол арқылы ата - бабамыз бізге дұрыс бағыт - бағдар, тәрбие беріп, өтіріктен жаман қылықтардан аулақ болуымызға ықпал тигізген.
"Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салатын" демекші, әрдайым шындықты бетке айтып, жалған айтдан аулақ болайық!
Мен күзгі демалысымды қалай өткіздім?
Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, бірінші тоқсан да аяқталып, күзгі демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы күзгі демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай көлге шомыла алмасақ та,түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күзгі демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!