ответ: Киіз үй бөліктеріне қатысы бар бата - тілектер:
Шаңырағың биік болсын!
Шаңырағың шайқалмасын!
Керегең кең болсын!
Түндігің түтінді болсын!
Қос босағаң берік болсын!
Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін!
Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған. Ол қанатты сөздер шаңырақтан басталады. Шаңырақ – киелі мүлік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату - ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді. «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның ең үлкені саналады. Жалпы, жоғарыда аталып кеткен бата – тілектерді жас жұбайлар үйленіп, шаңырақ құрғанда айтады. Үйің кең, қонағың көп, берекелі үй бол деген мағыналы сөздер.
Объяснение: вот
Айша бибі кесенесі — ХІ-ХЫЫ ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
ответ: 7-сыныпта «табиғат ресурстары» деген түсінікпен, табиғи байлықтардың жіктелуімен, ресурстармен қамту деңгейін есептеу тәсілдерімен таныстыңдар. 8-сыныпта сендер табиғи ресурстарды бағалау тәсілдерін зерттеуді жалғастырасыңдар.
Кез келген мемлекет немесе кәсіпорын белгілі бір ресурстарды игергенде қандай ақшалай тиімділікке қол жеткізетіндіктерін алдын ала білгісі келеді. Оларды табиғат байлықтарын игерген кезде қандай шығындар болуы мүмкін екендігі, қандай табыс алатындығы қызықтырады. Мұндай бағалау оларды игеруге тұрарлық па екендігін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
Табиғи ресурстардың құнын ақшамен бағалау үшін олардың натурал мөлшерін (өлшеу бірлігіне сәйкес жалпы қорын) анықтау қажет.
Барлық кендер, ағаш сүрегінен басқа биологиялық ресурстар, бағалы тастар салмақ бірлігімен, су, газ және сүректер – көлем бірлігімен, жер ресурстары – аудан бірлігімен өлшенеді.
Ресурстардың кейбір түрлерінің натурал шамасын өлшеу қиын және оларды балмен бағалау қолданылады. Бұлар – топырақтар, рекреациялық ресурстар.
Кейде ресурстардың жекелеген түрлерін натурал шамасымен де, балмен де ( ) бағалайды. Мысалы, екі жер телімінің ауданы бірдей. Бірақ олардың біреуінің ақшалай құны ондағы топырақтың құнарлырақ болуына немесе жер бедері әлдеқайда жазық болуына байланысты қымбатырақ болуы мүмкін. Ол жерде қызықтыратын қосымша элементтер – суы, орманның әдемі жері болуы немесе ол жолға және ірі қалаға жақын болуы мүмкін. Телімнің осы қосымша сипаттамалары оның балмен құнын арттырады.
Табиғи ресурстардың ақшалай құнын анықтау үшін олардың натурал шамасын сауда-саттыққа қабылданған осы шаманың бір бірлігінің құнына көбейту қажет.
Мысалы, орман телімінде сағызқарағай сүрегінің, шамамен, қоры 100 000 м3-пен бағаланады. Нарықта 1 м3 сағызқарағайдың құны 25 200 теңгені құрайды. Сонда сүректің жалпы қоры 2 520 000 000 теңгеге бағаланады.
Алайда, ресурстар бұл толықтай қажетті элементтерден құралмайтын табиғат денелері екендігін есте ұстау өте маңызды. Олардың құрамында қажетсіз элементтер де болуы мүмкін. Мысалы, Қостанай облысы Сарыбай кен орнындағы темір кенінің құрамында 33% темір бар, ал қалған көлемін кремнезем, күкірт және фосфор құрайды.
Мұнда 1 т шойын қорыту үшін, кем дегенде, 3 т кен өндіру қажет. Кен орнындағы темір кені қорының құнын анықтау үшін сол кеннің емес, шойынның құны есепке алынады. 2017 жылғы жағдай бойынша 1 т шойын Қазақстанда, шамамен, 200 мың теңгеден сатылды.
Қостанай облысының Сарыбай кен орнындағы темір кенінің жалпы қоры 889 млн тоннаны құрайды.
Ресурстарды игеруге жұмсалатын шығын жалпы алғанда техникаға жұмсалатын шығындарды, қосымша материалдарды, инфрақұрылымды, еңбекақыны және басқаларды құрайды. Мысалы, 1 т шойын өндіру үшін 3 т-дан астам кен, 1,1 тонна қорытқы көмір, 20 тонна су, сонымен бірге түрлі мөлшерде басқа да материалдар қажет.
Егер де ресурстар аз, ал оны өндіруге жұмсалатын шығын көп болса, онда оларды табиғаттан өндіріп алу іске асырылмайды.