Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!
Кездерінде от ойнар,
Сездерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар!
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар - балапан
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені - кек аспан,
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер -
Мен жастарға сенемін!
(Магжан Жұмабаев)
Жалпы а өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе?
Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.
«Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек.
Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады.