Менің отбасым
Менің отбасым өте үлкен. Біздің үйде атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және мен бәріміз бірге тұрамыз.
Атам мен әжем зейнеткерлер. Зейнетке дейін атам мал дәрігері, ал әжем есепші болып жұмыс істеген.
Әкемнің аты - Олжас, жасы қырықта, қаржыгер болып жұмыс істейді. Анамның аты - Алуа, жасы отыз сегізде. Анам ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді.
Ағамның аты - Сабыржан, жасы жиырмада. Сабыржан университетте білім алуда, болашақ заңгер. Мен мектепте оқимын, жасым он төртте. Қарындасымның есімі Аяужан, ол үшінші сыныпты оқиды.
Біз отбасы болып демалғанды ұнатамыз. Демалыс күндері ауа райына байланысты не серуенге шығамыз, не бәріміз ойын ойнаймыз. Ата - анамыз бізді салауатты өмір салтына сай тәрбиелеуде.Бәріміз де спорттың әр түрімен айналысамыз. Ағам бокспен шұғылданса, мен жеңіл атлетика үйірмесіне қатысамын, ал қарындасым жеңіл атлетика үйірмесіне қатысады.
«Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе, біздің үйге келіп, ат басын тірейді. Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!
Алғыс айту күні - қасиетті де салтанатты күн.
Елбасының жарлығына сәйкес 1 наурыз күні біз жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.
Бұл мереке - Мәңгілік еліміздің ертеңіне деген нық сенімі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналды.
Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында елімізде өзара түсіністік пен ұлтаралық келісім қалыптасты.
Бұл күні еліміздің тұрғындары миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз. Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсету - еліміздің бағзыдан бері қалыптасқан қағидасы.
Бұл күні біз тәуелсіздік сыйлаған ата-бабаларымызды ризашылықпен еске алып, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, ардагерлерімізге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз.
это что нат "