М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Диана19371
Диана19371
27.10.2020 21:05 •  Қазақ тiлi

"Қазақ театрының қалыптасуы".Мақала жазу керек.8 сынып керек.​

👇
Ответ:
SpecialCat
SpecialCat
27.10.2020

Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығына (әнші, ақындар айтысы мен шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа(беташар,бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) пен Алдар Көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. Қазақ халқының қоғамдық ортасында туған, қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі болып, аты аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі. Ал Айдарбек, Битан-Шитан, Зәрубай, Күндебай, Қантай-Тонтай, Мауқай, Текебай, Торсықбай, т.б. белгілі халық қуларының өнері туралы кезінде Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаев (“Шаншарлар”), Ж.Шанин (“Айдарбек”, “Торсықбай”), т.б. драматургтар пьесалар жазды. Қуанышбаев, Е.Өмірзақов т.б. актерлер өз ойындарында халық қуларының бай тәжірибесін мол пайдаланды.Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. 1859 жылы Оралда, 1869 жылы Орынборда, 1875 жылы Омбыда орыс драма театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады. 1890 жылы Семей қаласында “Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы” ұйымдастырылды. Алғашқы драм. шығармаларда Г.Д. Гребенщиков “Жақсы жігіт” пьесасының (1907) сюжетін қазақ тұрмысына құрса, Н.П. Анненкова-Бернар ұлттық дастан негізінде 1908 жылы “Бекет” атты драма жазып, кейін оны сахнаға шығарды. 1911 – 12 ж. Шымкент, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола(Астана), Қостанай, Петропавл, Орал мен Семейқалаларында ойын-сауық үйірмелері ұйымдаса бастады.

4,5(97 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

1Бауыржан   Момышұлы – соғысты   өз  көзімен  көрген  жазушы .      

2Б.Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың  символы, көркем  бейнесі  іспетті

3Батыр атамыз  Б.Момышұлы жеке  басы  ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен,  дарындылығымен,  жоғары  адамгершілік  қасиеттерімен  елеулі. Баукең – әлем   халқының  ортақ  перзенті  дәрежесіне  дейін  көтерілген  азамат.

4Елдік  пен  ерліктің киесіндей, батырлық  пен  батылдықтың  иесіндей, асылдық  пен  жасындықтың  үлгісіндей  аты  аңызға  айналған  баһадүр  батыр  Бауыржан Момышұлы –тау тұлға.

5 Қорыта  айтқанда,  Бауыржандай  алыбымызды  ардақтай  білейік,  ұлтымызға  ұран  болған  ұлы  тұлғамызды  ұлықтай  білейік.  Тек  қана  қара  дүрсін  сөзбен  емес, Бәукеңнің  атын  дәріптейтін  игі  істермен,  тиянақты  тірліктермен  дәлелдеуге  тырысайық.  

4,5(50 оценок)
Ответ:
Нєдєля
Нєдєля
27.10.2020

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 67 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 67 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын.

Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!

Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-майданға аттанған жауынгер аталарымызға кезек берсек.

Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Олардың көпшілігіне Вермахттың сақадай сай әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді.Егер түсініксіз болса/ Егер бізі олардың ерліктерін умытсақ біз онда қалай өз отанымыздын патриоты боламыз,Сондықтан біз бәріміз оларды умытпай тек олармен мақтануымыз керек

Объяснение:

4,6(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ