Астананың еліміздің мәдени келбетін қалыптастырудағы рөлі зор. Республика бойынша 68 театр болса, соның 6-ы елордада. Әлемнің әйгілі композиторлары, режиссерлері мен әртістері Қазақстанның бас қаласына келіп өнер көрсетеді. Биыл елорда мәдениетінің айнасы іспетті «Самғау» халықаралық театр фестивалі қаншама танымал өнер тұлғаларын бір ортаға жинады. Сол секілді қазақстандық мәдениетті де жаһанға таныту жобасы сәтті іске асырылуда. Осыдан 10 күн бұрын ғана «Астана Балет» театры Монакоға гастрольдік сапармен барып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогыныңиегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.