Русский : Обсолютно каждый человек по своему талантливый , и его возраст это причина тому что бы он перестал делать то что ему нравится! Наверняка многие думают что мудрый человек это тот кто уже в пожелом состоянии , но ведь , это не зависит от возраста! Если человек мудрый в молодости , значит останется им до своих последних лет! Я думаю каждый ребенок или человек в возрасте радуется даже самому мелкому подарку , ведь это как не как все равно приятно!
Казахский : Әр адам өз талантымен ерекшеленеді, оның жасы - өзі ұнататын нәрсені істемеуінің себебі! Әрине, көптеген адамдар дана адам қалаған күйінде болады деп ойлайды, бірақ бұл жасқа байланысты емес! Егер адам жас кезінде ақылды болса, онда ол өмірінің соңына дейін қалады! Менің ойымша, кез-келген бала немесе кез-келген адам ең кішкентай сыйлыққа қуанады, өйткені бұл бәрі де жағымды!
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.